Атырау, 4 қазан 07:52
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады

7 400 просмотра

Нұргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА электронды қолтаңбаның көмегімен түрлі қызмет түрлерін жеңілдету үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. «Мүліктер бойынша анықтамалар алып, коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да нәрселерді электронды түрде атқаратын боламын, осылай анағұрлым қолайлы», - дейді Нұргүл.

Электронды үкімет порталы арқылы екі жылдан бері қызмет көрсетілуде. Қазіргі кездегі ең танымал қызмет – жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы, сондай-ақ, оған құқығы бар екендігі туралы анықтамалар алу боп табылады. Іс жүзінде үйден шықпай-ақ электронды түрде алуға болатын қызметтер тізімі өте көп, ол 70 қызмет түрінен тұрады. Осы тізімді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ІІМ-нің, жергілікті атқарушы органдардың желісі бойынша 15 қызмет түрімен кеңейту жоспарда бар.

Өткен сенбі күні облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облыстық филиалымен бірігіп, «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Акция барысында келушілерге электронды қолтаңбаны қалай алуға болатынын және оны қалай пайдалану жөнінде айтылды. Қолтаңбаны екі жолмен алуға болады. Біріншісі - өз компьютерінен online-режимде www.pki.gov.kz сайты арқылы алу, ол үшін Java және GammaTech деген екі бағдарлама қажет. Оларды осы  сайттан жүктеп алуға болады. Жеке тұлғалар өз ЖИН-дерін көрсетеді, ал заңды тұлғалар оған қоса БИН-ді көрсетеді. Екі кілт пен тіркеу орталығын таңдайды. Тіркеу орталығы ретінде жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарын көрсетеді. Олардың саны облыста бесеу: Атырау қаласында екеу, бір-бірден Құрманғазы, Мақат және Жылыой аудандарында. Содан соң басып шығарылған бланк-өтінішті растау үшін құжаттармен бірге халыққа қызмет көрсету орталығына апару қажет.

Басқа жолы – offline. Үнемі электронды үкімет бұрышы жұмыс жасайтын орталыққа жеке бас куәлігімен келіп, келісім-өтініш бланкін толтыру керек. Қалғандарын оператордың өзі жасайды. Жеке кәсіпкер Калима СУПЕГАЛИЕВА online-режиммен жұмыс жасау қолайлы екендігін бағалап үлгеріпті. Бүкіл салық есептілігін ол электронды түрде тапсырады екен. Сондықтан енді өз өміріндегі басқа да салаларды ғаламтор арқылы реттеуді ұйғарыпты. «Үнемі біресе ана анықтама, біресе мына анықтама қажет болады, мекемелерді шарлап, кезекке тұруға тура келеді. Қазіргі кезде мені әсіресе жер мәселесі алаңдатады. Интернет арқылы сауалды қалай жіберуге болатынын қазір сұрап білемін. Содан соң орталыққа келу қажеттілігі болмайды деген сенімдемін», - дейді Калима. Орталық қызметкерлері оған және басқа келушілерге электронды үкіметтің жаңалықтары туралы әңгімеледі. Жаңалықтар қатарында композиттік деп аталатын құрамдас қызметтер бар. Әдеттегі жағдайды мысал ретінде келтіруге болады. Бір отбасында сәби дүниеге келсе, ата-аналарға туу туралы куәлік алу, сәбиге жәрдемақы рәсімдеу, балабақшаға кезекке тұру үшін өтініш беру қажет болады. Осы процедуралардың бәрі уақыт алады. Енді осы құжаттарды кешенді түрде рәсімдеу жоспарлануда. Бір рет жүгінген кезде, аталмыш қызметтердің барлығын көрсетпек.

Тағы бір жаңалық, некені тіркеуге өтініш беруге қатысты. «Электронды үкімет сайтында №1 өтініш беруші – болашақ күйеу жігіт - өтініштің электронды түріндегі қажетті жолдарды толтырады. Ол №2 өтініш берушінің (болашақ жарының) мәліметтерін көрсетеді. Бұдан басқа, оған электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болады. Содан кейін ол электронды өтініш жазып, сауалды растау үшін өзінің қалыңдығына жібереді. Ол күйеу жігіттің сауалын растап, өтінішке қол қоюы тиіс. Өтініш электронды үкіметтің шлюзінен АХАЖ-ға жіберіледі. АХАЖ операторлары ақпараттың дұрыстығын тексеріп, жастарға хабарландыру қағазын жібереді», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы Асылбек АСАНҰЛЫ. Некені қиюға берілетін өтініштер электронды түрде тек жастар үшін бұл алғашқы неке болса және олардың балалары жоқ болса ғана тіркеледі. Басқа жаңалықтардың барлығын www.egov.kz сайтынан білуге болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

8 қыркүйек 2011, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.