Атырау, 23 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Балалық шақтың ертегі-әлемі

25 513 просмотра

№54 «Айгүл» балабақшасы нағыз ертегі әлеміне айналды. «Ғажапты қолмен жасаймыз» акциясына балабақшаның барлық қызметкерлері және балалардың ата-аналары қатысты. Ғажайып ертегі әлемі пластик бөтелкелерден, автокөлік дөңгелектерінен және басқа да қалдық алаңынан табылатын қажеттілігі жоқ деген заттардан жасалды. 

- Күнде таңертең біздің аула сыпырушымыз балабақша аумағын тазалай жүріп, көрші үйлерде тұратын жастардан қалған жиырмаға жуық пластик бөтелкелерді  жинап алады. Бастапқыда мұның бәрі қалдық жәшігіне жөнелтілетін, кейін біз бұл пластик бөтелкелерді бір қажетке пайдаға асыруды ойладық,-дейді балабақша әдіскері Бақтыгүл ҚАЗИЕВА. – Ойлаған ойымыздың жаппай қолдау тапқаны соншалық, бұл акцияға балабақшаның тәрбиешілері мен бала күтушілері ғана емес, тәрбиеленушілеріміздің ата-аналары да болашақ жұмысымыздың шикізат материалын жинақтауға бір кісідей жұмыла кірісіп кетті.

- Балабақшаның ағаш шебері Шынайбек ҚАЙЫРЛИЕВ акция барысында жаңа қолөнер кәсібін меңгеріп алды. Ескі автокөлік дөңгелектерінен ол қонжық пен көжек жасап шығарды, олар балаларды таңертең балабақша есігі алдынан қуана қарсы алады. Ағаш бұтақтарына әдемі тотықұстар жайғасса, қолдан жасалған су қоймасында – екі аққу жүзіп жүр. Оған жақын жерде ертегідегі айдаһар, керік, түйеқұс және ұлу орналасқан. Осынау әдемі, түрлі-түсті фигураларға қарап, оның  бәрінің резеңке дөңгелектерден жасалғанын бірден айыра қоймайсыз!

Қажетсіз пластик бөтелкелер мен резеңке автокөлік дөңгелектерінен балабақша аумағында екі кеме пайда болды. Балалар серуендеген кезде осы кемелермен алыс жерлерге жүзіп кетеді. Мәселен, ертегі алаңында, пластик бөтелкелерден өрмелеген маймылы бар пальма ағаштары бой түзеген. Бұл аралда тосол бөтелкесінен жасалған нағыз алтын балық та, шаруашылыққа қажетсіз боп қалған легеннен жасалған тасбақа да мекен етеді. Және аулада саңырауқұлақ алаңы бар, ал, күркелер алқызыл гүлдермен, аралардың суреттерімен безендірілген. 

-Біздің барлығымыздың бұл іске құлшына кіріскеніміз соншалықты, мұнымен тоқтап қалмаймыз, әлі де алға ұмтылатын боламыз. Жаңа идеялардың жүзеге асуы менің ойымша, көп күттіре қоймайтын секілді,- деп сендіреді Бақтыгүл Сатыбалдықызы.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суреттерді түсірген автор

28 шілде 2011, 02:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.