Атырау, 28 желтоқсан 00:16
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бюджеттің бүйірі босамақ

2 560 просмотра

Қалалық билік бюджет қаржысын 2,5 миллиард теңгеге қысқартады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXIV-ші сессиясында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБЫРОВ хабарлады. 

Бас экономистің айтуынша, соңғы 7 айдың ішінде бюджет қаржысын игеруге талдау жүргізілген болатын.  Соның нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуларды үнемдеу режимі енгізілген. Келесі баптар бойынша шығындарды қысқарту туралы шешім қабылданды:  білім беру нысандарын дамыту - 238 млн. теңгеге, сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту - 89,8 млн. теңгеге, спорт нысандарын дамыту - 332 млн. теңгеге, қысқа дайындық - 332 млн. теңгеге, елдімекендерді абаттандыру - 1 млрд. теңгеге, жерлерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу - 302 млн. теңгеге қысқартылды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеруді де қысқартты: педагогтар мен балабақша тәрбиешілерінің санатына қарай төленетін қосымша ақыны көбейтуді  - 45 млн. теңгеге; ал селолық округтердегі әлеуметтік қызметкерлердің құны 4 млн. теңге тұратын қолдау бағдарламасы  толық жабылды. Бір жақсы жаңалық:  тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге мемлекеттік қордан 343 млн. теңге бөлінген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2011, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.