Атырау, 29 желтоқсан 23:33
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Берікбай Өміров: «Иә, жыңғыл біздің сакурамыз!»

10 610 просмотра

Облыс әкімінің көгалдандыру бағдарламасы оң бағыт алғанға ұқсайды. Біраз шулатқан метасеквойяға қатысты тәжірибелерден соң барлығы да біздің қара ағаштан артығын таппады. Қалада жергілікті тәлімбақтан алынған біздің жерімізде өсуге бейімделген ағаштарды отырғызу бойынша күзгі сенбіліктер үнемі өткізіліп отыратын болды. Сарыөзектегі осы тәлімбақтың иесі  және «ЭкоСтандартСервис» ЖШС-нің директоры Берікбай ӨМІРОВ Атырауды көгалдандыруға арналған өз бағдарламасын жүзеге асырмақшы.

КӨШЕТТЕРДІ ТАРАТУҒА ДАЙЫНМЫН

Б.Өміровтің айтуынша, балалар табиғат-ананың алдындағы жауапкершілікті және оны қорғап, сақтаудың қажеттілігін балабақшадан бастап сезінуі тиіс.

- Мұның тек айтыла салған бос сөз болмауы үшін мен қала мектептерінің бірін көгалдандыру және суару жобасы үшін шефтік қамқорлыққа алуды жоспарлап отырмын. Қаланың басқа да мектептеріне қазірдің өзінен бастап өз тәлімбағымнан көшеттерді отырғызу материалдарын тегін ұсынуға дайынмын.

Қалада суаратын су құбырлары жоқ, сол себепті Өміров әрбір мектеп пен балабақшаға көлемі 30 текше метрден кем болмайтын суға арналған ыдыстарды орнатуды ұсынады. Және оларды кесте бойынша бір орталықтан автоцистерналардың көмегімен сумен толтырып отыру қажеттілігін айтады.

-Егер барынша ниеттеніп, тиісті күтімін жасайтын болсақ, бізде бәрі де өсетін болады. Айталық, оған мысал ретінде Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті алуға болады. Онда тіпті, қайыңның өзі жайқалып өсіп тұрған жоқ па?!  Дәл қазір майысқан ақ қайың өзінің алтын түстес жапырағымен тіпті, көз тартады.

МЕТАСЕКВОЙЯНЫҢ ОРЫНЫН ҚАРА АҒАШ БАСПАҚШЫ

Бүгінде Атырауда жергілікті топырақ пен климатқа бейім-делген жергілікті тәлімбақтағы өсірілген бальзам иісті ақ терек пен ұсақ жапырақты қара ағаш (дәл сол қара ағаш –С.Т.), шаған, үйеңкі, жиде қолға тимейтін тауарға айналды. 5 мың қара ағаш әуежай тас жолы мен Бейбарыс даңғылынан өз орындарын тапты. Өміровты алаңдататын бір жайт - қалада жергілікті тәлімбақтан деген желеумен сырттан әкелінген көшеттердің де сатылуы. Кәсіпкердің түсіндіруінше, «біз әзірге қуатты құбыжық-кәсіпорындар іске қосылмай тұрып, қаланың жасыл желегін көбейтуге тиістіміз, содан кейін ғана декоративті түрде көркейтуге күш салуымыз керек».  Дегенмен, осы тұрғыда  әңгіме қозғалған екен, «қисық» ағаштардың эстетикалық рөлін Өміровтің пікірінше, біздің жыңғыл мен сексеуіл және түзгін жақсы атқарып отыр.

-Сакура гүлдеген кезде одан бүткіл Жапония рахатқа бөленеді. Ал, бұл бар-жоғы жабайы шие ағашы ғана, біздің жыңғылымыз да гүлдеген кезде сакурадан кем түспейді,-деп күледі Өміров.

Қалада жасыл желектің жетіспеушілігін ескеріп, қолда барды сақтай білсек қой. Өміров біздің қаладағы ағаштардың ұшар басын кесу әдісін ағаштардың тамырына балта салу деп есептейді.

-Ағаштың діңін кесуге жол бермеу керек. Бізде үлкен ағаштарды кесіп, бар-жоғы 2-3 метр биіктіктегі шолақ көшетке айналдырады. Ағашты бұлайша кесудің түрін біз тек оның қалың болып өсуі үшін ғана жасаймыз. 

Сәния ТОЙКЕН

Суретті түсірген В. Истомин

3 қараша 2011, 20:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.