Атырау, 19 сәуір 15:33
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мұғалімдер жалақысына үстеме ақы қосылады

3 620 просмотра

1-ші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстеме ақы қосылатын болады. Бұл үстеме тек жоғары санатты мұғалімдерге ғана емес (басында солай жоспарланған еді) барлық ұстаздар қауымына тиесілі.

Жоғары санатты мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне қосылатын ай сайынғы үстеме ақы 7079 теңгені құрайды, бірінші санаттағылар үшін 2655 теңге, екінші санаттағыларға -1770 теңге. Санатты дәрежесі жоқ мұғалімдерге 3539 теңге қосылған. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне қосылатын үстеме ақы 17697 теңгені құрайды, бұл базалық лауазымдық жалақының 100% тең.

Бүгінгі күні, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Шәкіржан МҰРЗАҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, аймақтың жалпы білім беретін мектептерінде 9998 мұғалім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 226 шебер жұмыс жасайды екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2011, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.