Атырау, 27 желтоқсан 08:15
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Шағаланың» орынында жеті қабатты үйлер бой түзейді

2 821 просмотра

Қалалық әкімдікте қала құрылысы кеңесінде 45 жоба қаралды.

Алғашқылардың бірі болып 480 оқушыға арналған 80 орындық балабақшасы бар және шетелдік оқытушылар үшін жатақханасы бар халықаралық мектептің жобасы қаралды. Ол Жерұйық және Нұрсая мөлтек аудандарының аралығындағы шекарада орналасатын болады. «Альма матер» эскизі қазіргі алматылық халықаралық мектеп негізінде орындалған және ол жоба тапсырысшысы болады. Ғимарат қасбеті тұрағы бар өткелмен бөлінген, ол жерге оқушылар автобуспен әкелінеді. Алайда, қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ құрылыстың әдемі келбетінің бас көшеге қарап тұруына көңіл бөлуді сұрады.  Артынша бұрынғы автовокзал ғимаратындағы «Инфинити-Орда» ЖШС-нің  сауықтыру кешеніне қайта жасақтау жобасы қаралды. Жоба еш ескертусіз өтті. Одан кейін  Атырау-Орал тас жолының жиегінде орналасқан «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясының арматура зауытының және  Ерниязов көшесі бойындағы «Атыраугазинвест» ЖШС кеңсесі ауданындағы 4 қабатты үйден тұратын  «Шуақ қала»  тұрғын үй кешені жобалары да мақұлданды. 

«Ембімұнайгаз» ӨФ Уәлиханов көшесіндегі ескі кеңсеге жанама орналасқан аумақта 8 қабатты кеңсе үйін салу құрылысын жалғастырмақ. Ол Азаттық даңғылымен қиылысатын болады. 

Ал, АМУ маңындағы «Бонитаның» салып бітпеген «Шағала» коттедждер қалашығының аумағында «Қуат жүйесі» құрылыс компаниясы Жайыққа қараған 7 қабатты жеті заманауи тұрғын үй массивін салмақшы. Осы компания бүгінгі күні иесіз қалған «Қиял әлемі» аттракциондар саябағының орынынан кеңсе және тұрғын үй кешендерін салу жобасын ұсынған болатын, бірақ қала әкімі бұл компанияның жер учаскесін алған кезде аттракциондар саябағын қайтадан қалпына келтіруге уәде еткендігін және сол уәдеде тұру керектігін  түсіндіре отырып, бұл жобаға тоқтау салды. «Қуат жүйесі» компаниясы бұдан басқа, Атырау мөлтек ауданында кірер жолда әмбебап базар мен 2 қабатты автовокзал құрылысының жобасын ұсынды. Бұл жоба бекітілді. Соңында белгілі кәсіпкер Зураб Бобохидзе ұсынған жоба қаралды. Әңгіме оның өзінің Баймұханов-Амандосов қиылысында орналасқан автокөліктерге техникалық қызмет көрсету стансасын қайта жабдықтауы туралы өрбіді. Енді станса 3 қабатты және әйнекті қасбеті бар ғимаратқа айналады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 тамыз 2011, 00:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.