Құлсары қаласында сәбиге азғындық әрекет жасауға ұмтылған жергілікті тұрғын ұсталды.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, полицияға аудан орталығында тұратын әйел арызданып, белгісіз ер адамның балабақша ауласында өзінің 5 жасар қызын зорламақ болғанын хабарлаған. Сол күні күдікті қолға түсті. Ол «шизофрения» диагнозымен жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрған 43 жастағы ІІ топ мүгедегі болып шықты.
Лев ГУЗИКОВ