Атырау, 12 қазан 14:19
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Денешынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және 60 пәтерлік үй берілді

11 924 просмотра

26 қыркүйекте Атырауда екі әлеуметтік нысан ашылды. Бірі - Балықшы поселкесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, екіншісі - Привокзальныйдағы балабақша. Сол күні Нұрсаядағы кезекті үйдің кілті де тапсырылды.

Привокзальныйдағы балабақша ғимараты ұзақ жылдар бойына өз міндетін атқармай келген еді. Алдымен онда қазақ-түрік лицейі, содан кейін облыстық балалар спорт мектебі орналасқан болатын. Өткен жылдан бастап балабақшаны қайта жарақтаумен «СнабОйлСтрой» ЖШС айналысты. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталған. Жұмыстарды аяқтау желтоқсанға жоспарланған болатын. Типтік ғимарат 280 балаға есептелген. Тағы 120 бүлдіршін жаңа жалғамаға орналастырылатын болады.

Қалалық білім беру мекемесінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖҰЛМҰХАНОВАНЫҢайтуынша, Атырауда балабақша орнына 6 жасқа дейінгі балалар үшін 11,5 мыңнан астам арыз тіркелген. Оның 8,5 мыңдайы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының өтініші.

– Мамырда 3,6 мың арыз қанағаттандырылды. Ал №13, 19, Дамбыдағы және Атырау ықшамауданындағы балабақшаларды, сондай-ақ №1 және 3-ші балабақшаларына жалғаманы  пайдалануға беру кезінде тағы 1 360 арыз шешімін табатын болады, - дейді Г.Жұлмұханова.

Бұдан басқа, балаларға Атырау ықшам ауданынан 280 орындық балабақша қайтарылды. Қазір онда жиһаз сатып алынуда. «Атырау-Балық» АҚ-ның бұрынғы ведомстволық 140 орындық «Шамшырақ» балабақшасы қала балансына қабылданды. Дегенмен, оған күрделі жөндеу қажет болып отыр.

Привокзальныйдағы балабақшаның ашылу салтанатында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ ірі компанияларға кеңес жылдары кең тараған ведомстволық балабақшалар салу тәжірибесіне оралуды ұсынды. Әкімнің айтуынша, барлық балабақшаларды жеке қолдарға беру туралы мәселе ерте қойылған:

– Төлемақылардың көтерілу салдарынан балабақшаларға көп балалы отбасының балалары келе алмайды. Бұл бюджет қызметкерлері үшін де ауыр болмақ.

Сол күні ашылған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салумен де «СнабОйлСтрой» ЖШС айналысқан. Жаңа кешеннің екі қабатты ғимараты (суретте) 400 орынға арналған. Бірінші қабатта күрес, шейпинг, көркем гимнастика залдары, себілгі бөлмесі, канализациялық жүйелері бар киім ауыстыратын бөлмелер орналасқан. Сол жерде жаттықтырушы бөлмелері, медициналық кабинеттер мен техникалық орынжай болады. Екінші қабатта – бокс залдары, жаттығу орын-жайы орналасқан. Кешеннің жалпы алаңы – 1,7 мың шаршы метр. Кешен құрылысынан басқа сол мердігерлер ескі балықшылық стадионды қайта жарақтаудан өткізген.

Балықшы поселкесінің Ғабдолов көшесіндегі №3 апатты үйдің 13 отбасы мен экономикалық күйзеліске ұшыраған елді-мекен деп танылған Пешнойдағы 24 отбасы 60 пәтерлік үйдің кезекті қоныстанушылары болмақ. Сондай-ақ Б.Рысқалиев алдағы уақытта облыс орталығында 50 шақты апатты ғимараттардың бұзылатынын мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

29 қыркүйек 2011, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.