Атырау, 24 қараша 03:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрылыс жасағы өз маусымын бастады

2 653 просмотра

Атырау университетінің құрылыс жасағы 1 маусымнан бастап жұмыстарына кірісті. Ал Мұнай және газ институтының студенттері үшін жұмыс көлемі әзірге анық емес.

Университеттің құрылыс жасағында бар болғаны 15 адам жұмыс істейді. Олар Дамбы селосындағы балабақшаны салуға жұмылдырылған. Оны салумен «Батыс Альянс Сервис» компаниясы айналысуда. Келісім-шартқа сәйкес, студенттер екі ай жұмыс істемек. Университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Баянсұлу ТЫНЫБАЕВАНЫҢ айтуынша, студенттерді негізінен әлеуметтік нысандарды – медициналық және мектеп мекемелерін салуға тартады. Өткен жылы, мәселен, олар Исатай ауданындағы аурухананы салуға көмектескен.

Каникул кезінде табыс табуға ниет білдіргендер университетте баршылық. Құрылыс жасағына үміткерлерді таңдағанда аз қамтылған отбасылардың балаларына баса көңіл бөлінген (өйткені табатын табыстары жақсы). Алайда ең алдымен студенттің жауапкершілігі ескеріледі, құрылысқа жалқаулар қажет емес.

Мұнай және газ институтында да жазғы каникул кезінде табыс тапқысы келетін студенттер баршылық. Алайда студенттік бөлімнің бастығы Ұлдай ҚОЙБАҚОВАНЫҢ айтуынша, әзірге облыстық әкімдік жұмыс көлемін ұсынбаған. «Жыл сайын 30 шақты студентіміз облыстағы түрлі нысандарда жұмыс істейді. Оларды көбінесе мамандықтары бойынша жұмысқа тартады. Мәселен, электр энергетикасы саласы бойынша оқып жатқан студент салынып жатқан нысандағы электр желілерімен айналысады. Басқалары әрлеу жұмыстарын жасайды және т.б.», - дейді Ұ.Қойбақова. Қазір институттың әкімшілігі мен көптеген студенттер таяу күндері Атырауда өтетін Дельфий ойындарына дайындық жасауда. Ал ол өткізілгеннен кейін нысандардағы құрылыс жұмыстарына кіріспек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

23 маусым 2011, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.