Атырау, 28 желтоқсан 16:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Балалар емханасы ма әлде ата-аналарға арналған шайқас алаңы ма?

3 972 просмотра

«Құрметті ата-аналар, егер сіздер тірі қалғыларыңыз келсе, ал сәбиіңізді аяусыз психикалық зақымданудан қорғағыңыз келсе, Алмагүл ықшам ауданындағы жаңа балалар емханасына бармаңыздар. Тексерусіз мөр соқтырып алу үшін және «көзбен» қойылған диагноздарды болдырмас үшін, сол жерде 2 000 теңге берсеңіз жеткілікті. Сізге тексеруден өтпей-ақ, мөр соғып береді. Есесіне ата-аналар мен балалардың миллиондаған жүйке талшықтары құртылмайды.

Осы тозақ шеңберінен өтуі тиіс жандар үшін бәрін рет-ретімен баяндайын.

Тіркеу бөліміндегілер: «Мына дәрігерге талонмен барасыз, ал мынаған кезекке тұрасыз» деп, бірден ескертеді. Сағат 10-ға қарай барсаңыз, әдетте, талондар жоқ болады. Содан соң кезек бойынша қабылдайтын дәрігерге барасыз. Оның кабинетінің қасында 50 жұп (ата-аналар балаларымен бірге) тұрады. Осы жерде жеке емханаға барған жақсы еді ұйғарасыз. Әрине, 4 дәрігердің кеңесі үшін 20 мың беруге жағдайыңыз көтерсе. Ғажайыпқа сенетін және жеке емханаларға қаржысы жоқтар екінші рет бақтарын сынап көреді. Келесі күні таңертеңгі сағат 8-де келіп, көшедегі кезекке тұрады.

Енді сұмдығына келейік. Невропатологқа, окулистке немесе лорға бару үшін бір сағат бұрын (бір тілім қағазды сағат тоғызда алу үшін сағат 8-де) келу керек.

Үлкен бір құпияны ашайын: талонға кезекке тұру деген жай сөз ғана, іс жүзінде ол жоқ. Бір сағат, кейде одан да ұзақ уақыт аяғыңыздан тозып, күтіп тұрғанда, әрі сәбиіңіз иығыңызда ұйықтап қалған кезде, бәрі келісіп қойғандай бүкіл бала жылай жөнелгенде, медбике шығады да, талондарды тарата бастайды. Сол кезде бәрі кезектерін ұмытып кетіп, бір-бірін шынтақтарымен итергіштеп, талон үшін күреске көшеді.

Айталық, ақыры қолыңызға талон жетті делік. Енді сізге сәбиіңізге барып келу керек (басымнан өткен кезде, мен сәбиімді үйге тастап кеткен болатынмын). Сізге 36-шы нөмір тиді дейік. Ендеше, сіз сәбиіңізді барып алып келуге үлгеріп, бірер сағаттан соң дәрігеріңізге жайбарақат келе аласыз. Бірақ сіз ерте қуанып отырсыз. Сіздің талоныңыз қабылдау басталғаннан кейін 2 сағаттан соң бір тілім қағаз ғана болып қалады. Ешкім де сізге кезектерін бергісі келмейді. Мен оларды жақсы түсінемін.

Невропатолог дәрігер сабырлы кейіппен: «Сіз кешіктіңіз. Біз 2 сағат ішінде 40 баладан қараймыз. Сіздер көпсіздер ғой, бәрі де қабылдауда болғысы келеді. Содан кейін біздерді қарамады деп өздеріңіз ренжисіздер» деді.

Қызметтік нұсқаунаманы қолына алды да, күніне 8 сағаттық қабылдау ішінде 28-ден аспайтын баланы қабылдай алатынын, көп баланы қабылдағандары үшін оларға ақша төлемейтіндігін дауыстап оқып берді. Содан соң ол тек балалар үшін ғана осындай құрбандыққа барып отырғанын айтты. Мен көп нәрсе айтқым келді. Бірақ мейірімділік атмосферасын бұзғым келмеді. Өйткені «дені сау» деген сөз жазылып, қолы қойылды ғой.

Окулистің кабинетінен қандай да болмасын аппарат көрермін,  мәселен, көз түбінің диагностикасын жасайтын немесе ең болмағанда линзалар салынған чемодан бар болар деп ойлағанмын. Сөйтсек, көру қабілетін былай да тексереді екен. Медбике сәбидің біресе бір көзін, біресе екінші көзін жауып тұрды. Ал дәрігер: «Ойыншыққа қара! Ойыншыққа қара!» деп айтып отырды. Сонда, егер сәби ойыншықты көрмесе соқыр болғаны ма? Ақпарат жазылған тақтаның маңынан өтіп бара жатып, бас дәрігер кабинетінің нөмірі мен қабылдау сағатына көз тастадым. Әрине, осы жерге барып, не ойлап, не сезінгеніңді айтып тастағың келеді. Бірақ сәрсенбі күні сағат 3-тен 5-ке дейін тағы бір кезекке тұру үшін жұмыстан сұрануға көп күш қажет екенін түсінесің.

А. В.

Оқырман хатына комментарий беру өтініші жасалған редакция сауалына берілетін жауапты қалалық балалар емханасының бас дәрігері Евдокия ТОПИЛЬСКАЯДАН бір айдан астам уақыт күттік. Бұл ахуалды мекеме басшысы былай дейді.

«Оқырманның хатын оқып, ата-аналардың көпшілігінің автормен келісетініне, жазылған жайтты рас, қалалық балалар емханасында нағыз сұмдық болып жатыр дейтіндеріне сенімдімін. Біздің емханамызда биылғы жазда орын алған жағдайлар тек ата-аналарды ғана емес, бізді, қызметкерлерді де алаңдатып, наразы қылған еді. Ата-аналарды түсінеміз, оларға біздің «нашар» емханамызға келулеріне тура келді, өйткені басқа емхана жоқ қой. Менің хатқа жазған комментарийлерім ақталу секілді көрінгенін қаламаймын. Бұл менің ахуалға көзқарасым және өз жұмыстарын орындаған қызметкерлерімді қорғағым келгендігі. Мүмкін, қала мен қала маңындағы Балықшы, Дамба, Еркінқала, Жұмыскер, Геолог, Теңдік, Ақжар, Ақсай елді мекендерін қосқанда 66 мыңнан астам балаға жалғыз ғана балалар емханасы қызмет көрсететінін бәрі біле бермейтін шығар. Басқа емханаларда белгілі бір сала мамандары қабылдамайтындықтан, біздің емханамызға келушілер өте көп. Биылғы жаз әсіресе қиын болды. Мамыр айының аяғынан бастап, балаларды мектептер мен шағын орталықтарға рәсімдеу науқаны басталды. Осы уақытта балабақшаларға жолдамалардың рекордтық мөлшері үлестірілді. Содан соң мектепке дейінгі мекемелерге сәбилерді жаппай рәсімдеу басталды. Сондықтан оқырманның балаларды балабақшаға барар алдында жаппай «тексеруден өткізуді» ұйғарған дегеніне келер болсақ, бұл емхана мамандарының жасап отырғаны орынсыз назы емес, бұл қажеттілік. Мамандарға кезекке тұруды жүйелеу үшін  «сатылы талондық жүйеге» оралуға мәжбүр болдық. Айтпақшы, емхана туралы ережеге сәйкес, профильдік мамандарға қабылдауға алдын ала жазылуы тиіс. Бұл да жалпы талондық жүйеге ұқсас.      

Басқа күндері ең көп сұранысқа ие дәрігердің қабылдауына «жанды» кезекке 230 адамға дейін тұрған кездер болады. Штаттық норматив бойынша, мамандандырылған профильдегі дәрігерлер күніне бар болғаны 75 балаға дейін қабылдауы тиіс. Басқа кезекке тұрушыларды қабылдамаса, дау туғызып, ұрыс-керіс шығарып, медицина қызметкерлерінің тарапына тіл тигізуге дейін әкелетін жайттардың кездесетіні де еске саламын. Шамасы, біздің ең үлкен қателігіміз - дәрігерлердің кезекке тұрушылардың барлығын жібергені шығар. Нормативке және мемлекеттік тапсырыс аясында біздің мекемеміз алған қызмет көрсету көлеміне сай қабылдау жүргізіп, бір баланы 15-30 минут қарағанымыз дұрыс болар еді. Дамбыдан төрт баласын ертіп келген анаға, Ақжардан соңғы ақшасына такси ұстап жеткен екінші анаға көңіл бөлмеуіміз керек еді. Біз сол кезде ешқандай ереже бұзбасақ, оқырманның пікірінше, бізге статистика үшін қажет болғандықтан жоқ диагноздар қойылды деген айыптаулар болмас еді. Мұндай пікір үшін сараптама комиссиясының немесе басқа құзіретті органдардың қорытындысы қажет. Ал бұл тек жорамал ғана. 

Қажетті мөрді соқтыруға болатын екі мың теңгеге келейік. Емханада пациентке қатысты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін қызмет көрсеткені үшін  алым-салық алынған болса, оған емхана әкімшілігіне немесе тиісті органға хабарласқаны жөн. Егер заңсыз алым алу фактісі расталған болса, оны жүзеге асырған тұлға жазасын алады. Бүкіл ұжымға көлеңке түсіріп, айыптағаннан гөрі, осындай нәрсемен айналысатын қызметкердің атын атаған дұрыс болар еді. Емхана жұмысы медициналық тексерумен ғана шектелмейтінін айтқым келеді. Бұдан басқа, ұйымдастырылмағандарды, яғни, үйдегі сәбилерге, бір жасқа дейінгі сәбилерге, сырқаттанғаннан кейін немесе зақым алғаннан кейін хабарласқан балаларды, диспансерлік есепте тұрған балаларды профилактикалық тексеруден өткізуіміз керек, жазғы кезде лагерьге және шипажайларға рәсімдеуді қосыңыз. Біздің емхана кеңес беріп, диагностика жасайтын мәртебеге ие емес. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – профилактикалық жұмыстар. Емхана қызметкерлері көрсететін медициналық қызмет көлемі нормативтік жұмыспен және алынған мемлекеттік тапсырыспен белгіленеді. Алдағы жылы өзіміз үшін белгілеп отыратын көлем үнемі көбейіп отырады. Мәселен, осы жылға дейін кішкене жастағы балаларды профилактикалық тексеру сәби бір жасқа жеткенше, яғни, жылына бір рет жүзеге асырылып отырған. Халықтың мақсатты топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ережесіндегі өзгерістерге байланысты, бір жасқа дейінгі балаларды тексеруді хирург пен невропатолог бір айға дейінгі жаста, окулист пен лор-дәрігер алты айлығында жүзеге асыруы керек. Ал бір жасқа толған сәби барлық мамандардан қайтадан өтуі тиіс. Шала туылған балалар үшін тексеру тоқсан сайын жүзеге асырылуы қажет. Соған орай, емханаға тексерілетін балалар саны көбейді. Сондықтан барлық жастағы балалар бір кезекке тұрмас үшін өте кішкентай жастағы дені сау балаларды қабылдауға бір күн белгіленді.

Емханаға тексерушілер көп мөлшерде келетіндіктен, 200 баладан тексеруге болмайды, олай болмаған жағдайда тексеру сапасы жапа шегеді деп ұғындыру қиын. «Балалардың дені сау, бізге  тек мөр ғана керек» деген  талаптарды  ата-аналарға түсіндіріп, дәлелдеу өте қиын болғандықтан да  талонға қатысты комментарий айтқым кеп отырған жоқ. Осы жерден қатар кезек туындап, атүсті жасалған талондар, ата-аналардың наразылықтары, дәрігерлердің жұмыстан шығу туралы арыздары пайда болып жатады.

Офтальмологтың кабинетіне келер болсақ, ол жерде көру органдарына диагностика жасау үшін қажетті жабдықтардың барлығы бар. Көру қабілетінің жітілігін анықтау үшін кесте пайдаланылады. Егер көру жітілігі төмендеген болса, көз түбі аппараттық әдіспен тексеріледі. Ал медбикенің қолындағы ойыншық кішкентай сәбидің көзқарасын бір нүктеге тоғыстыру үшін қажет болады.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

22 қыркүйек 2011, 20:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.