Атырау, 13 қазан 07:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Балабақша көбейеді

2 495 просмотра

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ ұсынған ақпараты бойынша, бүгінгі күні мемлекеттік меншікке үш балабақша: Авангардтағы 280 орынға арналған №19 «Шұғыла», Привокзальныйдағы (бұрынғы балалар мен жас өспіоімдер спорт мектебінің ғимаратындағы) 280 орынға арналған және оған қосымша 120 орындық жанама құрылысы бар №13-ші «Балапан» балабақшасы және 140 орынды «Светлана» маңындағы бұрынғы балалар емханасының ғимаратындағы балабақша қайтарылып, қайтадан жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Атырау мөлтек ауданында 280 орындық балабақшаның, сондай-ақ, Жұлдыз мөлтек ауданында (Қайыршақты селолық округі) 280 орындық және Ақжар мен Дамбы селоларында бір-бірден 160 орындық балабақшалардың құрылысы жүріп жатыр.

Бұрынғы ведомстволық «Шамшырақ» балабақшасы облыс әкімінің қаулысымен қаланың коммуналдық меншігіне берілді. Демек, таяу арада ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу жоспары бар. Қайта жасақталғаннан кейін Балықшы балабақшасы 160 баланы қабылдайтын болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған цокольды үй ғимараттарындағы 13 шағын-орталықтың құрылысы басталады: Алмагүл мөлтек ауданында 5, Нұрсаяда 6 және Сырым Датов көшесі бойында 2-уі болады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған балабақшаларға 5 жанама құрылыс жұмысы басталмақ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

4 тамыз 2011, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.