Атырау, 25 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды Басқа жаңалықтар

Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды

Әлеуметтік желілерде Мақат ауданы Доссор кентіндегі көше қазу жұмыстары кезінде шұңқырда мұнайға ұқсас қара қоймалжың сүйықтықтың шығып жатқаны туралы бейнежазба тарады. «АЖ» тілшісі мұны анықтап көрді. Бейнежазба 5 қазан 2019, 10:48 4 222 рет қаралды
Миллион Атырауда қалды Басқа жаңалықтар

Миллион Атырауда қалды

20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды. 25 қыркүйек 2019, 11:06 3 962 рет қаралды
Атырауда танымал мұнайшының ескерткіші ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда танымал мұнайшының ескерткіші ашылды

Бұл күндері елімізде және Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Осы күндердің бірінде бүкіл мұнай серкелері қазақстандық мұнайшы, Батыс Қазақстан кен орындарын алғаш ашушы Сафи ӨТЕБАЕВТЫҢ ескерткішін салтанатты түрде ашу үшін Атырау мұнай және газ университетінің студенттік қалашығының аумағына жиналды. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап университетке оның есімі берілген еді. Сурет 3 қыркүйек 2019, 15:36 5 965 рет қаралды
Тамыз конференциясы: мұғалімдерге арналған бес күндік, жеңіл портфель және колледждердегі шәкіртақы Басқа жаңалықтар

Тамыз конференциясы: мұғалімдерге арналған бес күндік, жеңіл портфель және колледждердегі шәкіртақы

Облыс мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өткен Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының шағын залы бұл күні лық толып, тіпті, әдетте баспасөз еркін жайғасатын екінші қабаттың балкондарында да конференцияға қатысушылар тығылыса отырды. Бұл шараны бастапқыда көп адам сыятын облыстық драма театрының жаңартылған ғимаратында өткізу жоспарланған еді, қонақтар да соның есебінен шақырылған шығар. Сурет 26 тамыз 2019, 16:23 5 682 рет қаралды
Кінәлі түйелер емес Басқа жаңалықтар

Кінәлі түйелер емес

Дала төсінде жайылып жүрген жылқының үйірі, табын-табын сиыр мен түйелер қай қазақтың да көзін қуантары анық. Әсіресе, автокөлік трассасының жиегіндегі жаңбыр суына қалың өскен шөпке еркін жайылған мал ерекше көзге түседі. Алайда, жол бойындағы түйелер мен жылқылар жүргізушілер үшін өте қауіпті, әсіресе түнде. Өткен айдағы «Атырау-Доссор» трассасындағы екі түйенің жеңіл көлікке соқтығысып, салдарынан үш адамның қаза болғаны, екі адамның ауруханаға түскені естеріңізде болар.   Сурет Бейнежазба 12 тамыз 2019, 15:22 6 067 рет қаралды
Бекеттердің бағы жанбады Басқа жаңалықтар

Бекеттердің бағы жанбады

ҚР Ішкі істер министрі  Ерлан Тұрғымбаев 1 шілдеден бастап ішкі, әсіресе қалаға кіретін жолдағы бекеттерді қысқарату жөнінде тапсырма берген болатын. Оның орнына бейнебақылаулар орнатылып, ол нысандарды жылыну және дағдарыс жағдайлары үшін пайдаланатын қонақүйлерге айналдыру көзделген еді. Біз сондай бюджет қаржысына салынған - Доссордағы және Индер ауданы Елтай селосында екі бекетті тексеріп көрдік. Қазір олар иесіз қалған. Сурет 5 тамыз 2019, 20:05 3 767 рет қаралды
«PromGazBP» ЖШС: «Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында» Басқа жаңалықтар

«PromGazBP» ЖШС: «Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында»

1 тамызда, Мақат ауданы Доссор кентінде тағы да бір газ құю бекеті ашылды. Бұл жолы аудандағы және Доссор кенті арқылы өтетін транзиттік көліктерді газбен қамтуды – «PromGazBP» ЖШС қолға алды. Атап өту керек, жаңадан ашылған газ құю бекетінде газ бағасы өзгелерге қарағанда едәуір төмен. PR Сурет 4 тамыз 2019, 10:26 3 808 рет қаралды
Мақатта жанармай жоқ Басқа жаңалықтар

Мақатта жанармай жоқ

Мұнайлы мекен Мақатта жанармай құю бекеттері үш айдан бері жұмыс істемей тұр. Жергілікті жұрт көліктеріне бензинді көрші Доссор кентінен толтыруға мәжбүр. Ал көрші жақын емес - ауылдан 30 шақырымнан аса жерде. 31 шілде 2019, 10:57 3 492 рет қаралды
Әкімнің орнына тілші келді Басқа жаңалықтар

Әкімнің орнына тілші келді

Ауыл сыртындағы 20 жылға жуық уақыт көмілмей ор,  қоршаусыз қоқыс полигоны және ауыл ішіндегі қоқыс алаңдары...  Мақат ауданы Доссор кентінің жиырмаға тарта тұрғыны 27 маусымда бірнеше жыл шешімін таба алмай жүрген осы мәселелерді талқылауға аудан әкімін қоқыс полигонынан күтті, алайда әкім кездесуге әкімдік залына шақырды. «АЖ» тілшісі келмеген әкімнің орнына тұрғындардың шағымын тыңдады. Сурет Бейнежазба 3 шілде 2019, 10:09 3 935 рет қаралды
Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды? Басқа жаңалықтар

Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды?

Әлеуметтік желіде Мақат ауданы Ескене ауылынан 5 шақырым жерден тұщы көлдің пайда болғаны жөнінде видео тарады. «АЖ» тілшісі көлдің қайдан пайда болғанын білмек болып, су көзінің басына барды. Сурет Бейнежазба 19 маусым 2019, 12:02 7 787 рет қаралды
Ескерусіз қалған Ескене Басқа жаңалықтар

Ескерусіз қалған Ескене

Бұдан алты жыл бұрын Мақат ауданына қарасты Ескене ауылының тұрғындарын Атырау қаласына және басқа да аудандарға көшіргенде темір жолға қызмет көрсетіп отырған Ескене станциясы қозғалмаған еді. Сол жылдары ауыл ҚТЖ құзіретінен шығарылып, Бәйгетөбе ауылдық округіне қосылды.  Осы кезден бастап елді мекен белгісіздік күйін кешуде. Ауыл болашақта көшіріледі деп ешқандай инфрақұрылым жаңартылмады, ауылдың күйі кетті. Сурет Бейнежазба 13 маусым 2019, 14:58 7 026 рет қаралды
«ЕмбіМұнайГаз» ұжымы мұқтаж жандарға баспана әперді Басқа жаңалықтар

«ЕмбіМұнайГаз» ұжымы мұқтаж жандарға баспана әперді

Атырау облысының аудандарында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «ЕмбіМұнайГаз» АҚ ұжымының бір күндік жалақысына сатып алынған пәтерлер мен үйлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтіп жатыр. 11 маусымда Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында және Исатай ауданының Исатай мен Аққыстау ауылдарында баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бұл рәсім 12 маусымда Қызылқоға ауданының Жамансор және Мұқыр ауылдарында, 13 маусымда Жылыой ауданының Құлсары қаласында, 17 маусымда Мақат ауданының Доссор мен Мақат ауылдарында өтеді. 11 маусым 2019, 17:31 3 347 рет қаралды
Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі? Басқа жаңалықтар

Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі?

Қалалық әкімдік Атырау көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндейтін мердігерді анықтау тендерін жариялады. Биыл ол 13 мың шаршы метрге жүргізілуі тиіс. Төменде жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі берілген. 29 мамыр 2019, 09:51 3 370 рет қаралды
Жылойдағы екі жол апаты Басқа жаңалықтар

Жылойдағы екі жол апаты

6 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы «Құлсары-Сарқамыс» тас жолында «Ланд крузер» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Зардап шегушіні Теңіз кенішіндегі емханаға дереу жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  16 мамыр 2019, 16:06 3 782 рет қаралды
Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды Басқа жаңалықтар

Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Атырау-Доссор трассасына рейдке шықты. Олар ауыр жүк көліктерінің жол жүру құжаттарын, шамадан тыс жүктің бар-жоғын және т.б. тексерді. Олармен бірге «AЖ» тілшісі де болған еді. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:58 4 284 рет қаралды
Қош келдіңіздер немесе ірі габаритті жүктерге кіруге болмайды Басқа жаңалықтар

Қош келдіңіздер немесе ірі габаритті жүктерге кіруге болмайды

Атырауда ірі автомобиль трассаларына 4 кірме аркасы салынады. ТКШ бөлімі мемлекеттік сатып алулар сайтына осы туралы хабарландыру жариялапты. Лот құны – 184 млн теңге. 25 сәуір 2019, 21:17 3 843 рет қаралды
Доссор трассасында үш көлік соғысып, бір адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Доссор трассасында үш көлік соғысып, бір адам қаза болды

Бүгін, 18 сәуірде сағат 11.00 шамасында «Атырау-Досор» тас жолы бойында, Қарабатанның тұсында «Газель» жүк көлігі, «ДЭУ» автобусы және «Тойота» минивэн көліктері соқтығысқан. Бейнежазба 18 сәуір 2019, 14:27 4 794 рет қаралды
Бюджеттен қаражат бөлінді Басқа жаңалықтар

Бюджеттен қаражат бөлінді

15 наурызда Атырау облыстық мәслихатының XXIX сессиясы өтті. 2019 жылға арналған бюджет туралы экономика басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВ баяндама жасады. Бюджет 346 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Шынында, орталыққа алымсыз шығындар бөлігі және бюджеттік несиелерді өтеу 172,3 млрд теңге болады. 16 наурыз 2019, 12:04 3 302 рет қаралды
Мұнайлы өлке тұрғындарының мұңы Басқа жаңалықтар

Мұнайлы өлке тұрғындарының мұңы

Былтыр қыркүйекте Мақат ауданы Доссор кентінің орталығындағы екі қабатты 4 пәтерлік үй өртеніп кетті. Арада алты ай өтсе де, өрттің шығу себебі анықталмаған. Ал тұрғындарының бірі ағайындарының үйінде жүрсе, бірі әр жерде үй жалдап тұрып жатыр.  Бейнежазба 12 наурыз 2019, 16:01 3 347 рет қаралды
Доссор трассасындағы апатта үш адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Доссор трассасындағы апатта үш адам қаза болды

8 наурызда Атырау-Доссор трассасында ВАЗ «Приора» және «Тойота Королла» автокөліктері соғысып,  3 адам қаза болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі адам жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында, бір адам ауруханада қаза болған. 11 наурыз 2019, 11:53 2 974 рет қаралды
Аудандарда кездесетін таныс оқиға Басқа жаңалықтар

Аудандарда кездесетін таныс оқиға

2017 жылдың аяғында Мақат (25) пен Доссор (22) кенттерінде 47 қоқыс алаңын салу үшін бюджеттен 33 млн 810 мың теңге бөлініп, тендер қорытындысы нәтижесінде «Эра» ЖШС мердігер болады. Дегенмен кейін аудандарда жиі кездесетін құбылыс – мердігердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы мұнда да орын алып, жергілікті билік сотқа берді. Алайда мамандардың заңды білмеуінен өздері таяқ жеді. Сурет 27 ақпан 2019, 09:58 2 677 рет қаралды
Қай жолдар ақылы болады? Басқа жаңалықтар

Қай жолдар ақылы болады?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе-Атырау-Астрахан көлік жолында Атырау-Астрахань және Қандыағаш-Мақат учаскелерінің 120 шақырымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Ал Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға 2019 жылы «Ақтөбе - Атырау – РФ-мен шекара» жолдарын қалпына келтіруге 16,7 млрд теңге бөлінгенін, жобаның жалпы құны 122 млрд теңге екенін хабарлады. Сонымен бірге шығындардың бір бөлігі кейінірек «жолақы төлеуді» енгізу арқылы өтелуі мүмкін. 25 ақпан 2019, 10:20 2 510 рет қаралды
Нан бағасы: «аудан коэффициенті» Басқа жаңалықтар

Нан бағасы: «аудан коэффициенті»

Астықтың қымбаттауына қарамастан мұнайлы астанадағы «әлеуметтік» нан бағасы сол күйінде – 65 теңге болып қалды. Ал аудандарда бір қалаш бұрыннан 70-80 теңге тұрады. Баға бұдан қымбаттауы мүмкін.  5 ақпан 2019, 15:31 4 866 рет қаралды
Құлсары трассасында КамАЗ бен Тойота соғысып, бір адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Құлсары трассасында КамАЗ бен Тойота соғысып, бір адам қаза болды

4 қарашада сағат 10 шамасында Атырау-Құлсары трассасының Доссор кентінен 50 шақырым жерінде КамАЗ бен "Тойота Камри" автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. ЖКО салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігі ішінде жан тапсырды.  4 ақпан 2019, 23:51 2 491 рет қаралды
Атырауда екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды

29 қаңтарда Атырауда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында (№2 облыстық аурухана) екі сәби - мақаттық екі айлық сәби мен доссорлық екі жасар қыз - көз жұмды. Екі жасар Аяулымның анасы Анжела АХМЕТҚАЛИ диагноз дұрыс қойылмаған, дәрігерлер өз жұмыстарын нашар атқарды деп есептейді. Ал медқызметкерлер болса, өз міндеттерін кәсіби тұрғыда атқарғандарын, өздерінің еш кінәлары жоқтығын айтады. Сурет Бейнежазба 1 ақпан 2019, 12:50 5 121 рет қаралды
Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай Басқа жаңалықтар

Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай

Белгілі бір адамдардың тапсырысы бойынша Б. Рысқалиевтың беделін түсіру мақсатында ұйымдастырылған науқан басталған кезде, бес жыл бұрын әпкем Гүлсім «Ақ Жайық» газетінің редакциясына хат жолдап («Менің інім Бергей»), онда ағам Бергей Рысқалиевтың көпшілікке беймәлім өмірбаянынан сыр шертіп, оның билікке келгенге дейін табысты бизнесмен болғанын, өз ісін ашып, зауыттар мен кәсіпорындар салғанын, мыңдаған адамға жұмыс бергенін әңгімелеген еді. PR 24 қаңтар 2019, 00:00 5 950 рет қаралды
 Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі Басқа жаңалықтар

Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі

Мақат ауданында бүгінде туберкулездің алдын алу үшін балаларға шұбат беріп, шабындық жердің жетіспеушілігін жақсы көрші Қызылқоға ауданынан 400 мың гектар жер алу арқылы шешпекші. Осы және басқа да мәселелер туралы Мақат ауданының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ өткізген  брифингте қозғалды.  24 желтоқсан 2018, 17:41 3 018 рет қаралды
Жайықтан басқа да су көздері бар Басқа жаңалықтар

Жайықтан басқа да су көздері бар

Жайық өзенінде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Атыраугидрогеология» ЖШС кеңесшісі Едіге САБУРОВ билікті Ақтөбе облысы бағытында Көкжиде жерасты кен орнынан суды пайдалану үшін су таратқыш салуды талқылау мәселесіне оралуға шақырады. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан Атырауға су тартудың баламалы нұсқасы бар екен. 23 желтоқсан 2018, 17:21 3 742 рет қаралды
Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын? Басқа жаңалықтар

Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын?

Мақат ауданы Доссор кентіндегі 20 кереуеттік аурухана 2006 жылы қолданысқа берілген. Бастапқыда құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуінен қыс мезгілінде ғимарат суық болады. Сондықтан  2015 жылы облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «КоСМо» ЖШС ғимараттың төбесіне жылу жабындылар төсеу, сыртқы қабырғаларын қаптау, жылу радиаторларын ауыстыру, терезелердің сынған бөлігін алмастыру жұмыстары атқарды. Алайда аурухана ғимараты әлі суық. Сурет 4 желтоқсан 2018, 15:42 4 272 рет қаралды
Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы

Атыраудағы 114 көпқабатты тұрғын үйде 266 жеделсаты болса, олардың 26-сы ауыстыруды қажет етеді. 7 аудандағы ауылдық елді мекендердің 79,2  пайызы орталықтандырылған ауыз су және көгілдір отын желісіне қосылған. Осы және басқа да цифрлар туралы барысында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 21 қараша 2018, 16:29 2 537 рет қаралды