Атырау, 4 тамыз 07:22
 дождьВ Атырау +22.1
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Доссор трассасындағы апатта үш адам қаза болды

3 092 рет қаралды


8 наурызда Атырау-Доссор трассасында ВАЗ «Приора» және «Тойота Королла» автокөліктері соғысып,  3 адам қаза болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі адам жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында, бір адам ауруханада қаза болған.

Тағы 7 адам, екеуі бала, әртүрлі дәрежедегі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың кісі өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 наурыз 2019, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.