Атырау, 24 қараша 05:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Миллион Атырауда қалды

3 740 просмотра


20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды.

Айтыс қорытындысы бойынша, жүлделі бірінші орын (700 мың теңге) батысқазақстандық ақын Эльдар ИХСАНОВҚА бұйырса, екінші орынды  мұнайшы ақындар атыраулық Сырымбек СӘРСЕНБАЕВ пен маңғыстаулық Райымбек ТҮЗЕЛОВ (әрқайсысы 500 мың теңге) бөлісті. Үшінші орынды оралдық Мұрадым МИРЛАНОВ, Бекболат ҚАЛЕНОВ және ақтөбелік Нартай ТІЛЕУҚҰЛ (300 мың теңге) алды. Сонымен қатар Мақаттың атынан қатысқан Нұрбек САРБАСОВ пен оралдық Айнабек БИСЕНҒАЛИЕВ, атыраулық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ және ақтөбелік Жәнібек БЕЙБІТОВ жеңіске деген жігері үшін (200 мың теңге) арнайы жүлдеге ие болды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 қыркүйек 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.