Атырау, 15 қыркүйек 16:46
 дождьВ Атырау +31
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Мақатта жанармай жоқ

3 677 рет қаралды


Мұнайлы мекен Мақатта жанармай құю бекеттері үш айдан бері жұмыс істемей тұр. Жергілікті жұрт көліктеріне бензинді көршілес Доссор кентінен толтыруға мәжбүр. Ал көрші жақын емес - ауылдан 30 шақырымнан аса жерде.  

- «ҚазМұнайГаз» бекетіндегі резервуар тесіліп, жұмысты уақытша тоқтатқан. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр,- дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Тілек НҰРПЕЙІСОВ. - Әрине, қиын жағдай. Кентте қаншама мекемелер бар, бәрі Доссорға шұбырып жүргені. Ондағы «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» бекеттері үздіксіз жұмыс жасап тұр. Мәселені тездетіп шешуге күш саламыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 шілде 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.