Атырау, 25 қараша 04:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнайлы өлке тұрғындарының мұңы

Бейнежазба
3 150 просмотра


Былтыр қыркүйекте Мақат ауданы Доссор кентінің орталығындағы екі қабатты 4 пәтерлік үй өртеніп кетті. Арада алты ай өтсе де, өрттің шығу себебі анықталмаған. Ал тұрғындардың бірі ағайындарының үйінде жүрсе, бірі әр жерде үй жалдап тұрып жатыр.   

- Дымсыз қалдық, тірнектеп жинаған дүние-мүлкіміз бір сәтте түгел жанып кетті. Киім-кешек бәрі өртенді, - дейді зейнеткер Ажар САЛИЕВА. - Тек балаларымның амандығына шүкіршілік. Енді бала-келін, немерелеріммен бірге үй жалдап жүрміз. Балам күзетші болып жұмыс істеп, 40 мың теңге айлық алады, келінім жұмыссыз, баламен отыр. Сосын менің зейнетақым бар. Ағайын-туыстар ауысқан ыдыс-аяқ, киім-кешекпен көмектесуде, бірақ ол не болады.

-  Көмек сұрап талай жерге бардым, менің қолымда біріне-бірі ұқсас «Үйді сақтандыруларың керек еді, біз ешқандай көмек бере алмаймыз» деген 14 хаттың жауабы бар, - дейді Светлана БЕКЕНОВА.  - Кімнің үйі сақтандырылған дейсің қазір.

Ал өртенген тағы бір пәтердің иесі  Ерлан КЕЙКЕШЕВ те отбасымен інісінің үйінде (оның да өз отбасы бар) тұрып жатса, зейнеткер Ғания ЖҰПАРБАЕВА бала-келін, немерелерімен уақытша үй жалдап жүр екен.

Үйді жөндеуге тұрғындардың мүмкіндіктері жоқ. Бұған қыруар қаржы керек екені белгілі. Үйі өртенген мұқтаж жандар биліктен қайыр болмаса, мұнайлы өңірдің алпауыт компаниялары көмектесер ме екен деп үміттенеді.  


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор               

12 наурыз 2019, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.