Атырау, 22 сәуір 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Қарабатан жолында автобус өртенді

Бейнежазба
3 544 рет қаралды


16 мамырда сағат 20:30-да Атырау облысындағы Атырау-Доссор трассасында «Икарус» өртенді. Абырой болғанда, автобуста жүргізушіден басқа адам болмаған, ол шығып үлгерді. 

- Өрт сағат 20:57-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 11 қызметкері мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өртену себебі анықталуда, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

17 мамыр 2019, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.