Қалалық әкімдік Атырау көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндейтін мердігерді анықтау тендерін жариялады. Биыл ол 13 мың шаршы метрге жүргізілуі тиіс. Төменде жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі берілген.
Азаттық даңғылы; орталық көпір; «Тамаша» сауда орталығы алдындағы Сәтпаев даңғылы; Жеті Қазына ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы; Жарбосынов көшесі; «Насиха» базарының артындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы; Канцев көшесі; Cмағұлов көшесі; Алмагүл-1, -2 ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы; Атырау ықшам ауданындағы «Еркемай» балабақшасының аумағы; Балықшы ықшам ауданындағы А. Құнанбаев көшесі; Қожақаев көшесінің бойындағы 21-үй аумағы; Балықшы ықшам ауданындағы офтальмологиялық аурухана ғимаратының алдындағы аумақ; Балықшыдағы «Айсберг» мейрамханасының аумағы; Молодежная мен Сатыбалдиев көшелерінің қиылысы; Лесхоз ықшам ауданындағы Сыдықов көшесі; Әуезов көшесі жағындағы Жилгородок көпірінің аумағы; Әуезов көшесінің бойындағы №61-63 тұрғын үйлер аумағы; Қабдолов көшесі; Водников-Көкарна-Балықшы жолдарының қиылысындағы «Қазмұнайгаз» жанармай бекетінің аумағы; теміржол ауруханасының аумағы; Берғалиев көшесі; Сәтпаев даңғылы №36 үй аумағы; Махамбет көшесі бойындағы №101 үйдің аумағы; Темірханов көшесі (бұрынғы қаржы полициясы ғимаратының жаны); Авангард 3-ықшамауданындағы №39 «а» және «б» үйлерінің аумағы, «Технодом» аумағы; Атырау-Доссор-Геолог жолдарының қиылысындағы бағдаршам аумағы; Геолог ықшам ауданындағы Агропром көшесі; Жұмыскер ықшам ауданы; Өркен-1-2 ықшамауданы; Досмұхамбетов көшесінің бойындағы №3а-14а үйлердің аумағы.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ