Атырау, 24 қараша 03:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды

Бейнежазба
4 033 просмотра


Әлеуметтік желілерде Мақат ауданы Доссор кентіндегі көше қазу жұмыстары кезінде шұңқырда мұнайға ұқсас қара қоймалжың сүйықтықтың шығып жатқаны туралы бейнежазба тарады. «АЖ» тілшісі мұны анықтап көрді.

Кент әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, «ГарантСтрой» ЖШС мұнда кәріз желісін тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шарипов көшесінде мердігерлер ескі мұнай құбырына тап болған.

- Бұрын бұл жерде мұнай айдау станциясы болған, қазір жұмыс істемейді. Көше жұмыстары кезінде осы құбыр тесіліп, қалдық мұнай төгілген. Қазір шұңқыр көмілді, - дейді кент әкімі Асылбек ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Ал кейбір кент тұрғындары осы жерде әлі зерттелмеген мұнай қоры бар деп есептейді. Кезінде Доссорды көшіреді деген де сыбыс шыққан. Алайда аудан басшылары мұны жоққа шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды  

5 қазан 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.