6 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы «Құлсары-Сарқамыс» тас жолында «Ланд крузер» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Зардап шегушіні Теңіз кенішіндегі емханаға дереу жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ал 13 мамырда «Құлсары-Доссор» трассасында Өзбекстанда тіркелген LADA Largus автокөлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза болған. Үш жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген. Қалған үш адам дәрігерлік көмекке жүгінбеді. Көліктегілердің барлығы - Өзбекстан азаматтары.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА