Атырау, 25 қараша 01:17
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қош келдіңіздер немесе ірі габаритті жүктерге кіруге болмайды

3 587 просмотра


Атырауда ірі автомобиль трассаларына 4 кірме аркасы салынады. ТКШ бөлімі мемлекеттік сатып алулар сайтына осы туралы хабарландыру жариялапты. Лот құны – 184 млн теңге.

Жоба бойынша «Қош келдіңіздер!» деген лед-экранына, әрі габаритті емес жүктердің биіктігін шектеуге арналған металл аркалар «Астрахан-Атырау» трассасы бойынша биіктігі 12 метр, «Доссор-Атырау» - 12,2, «Индер – Атырау» – 9,5, «Орал-Атырау» трассасы бойынша 14 метр параметрлерімен ерекшеленеді.

Ал Атыраудағы алғашқы әрі жалғыз жол аркасы 2016 жылдың қазанында ресейлік фирманың ірі габаритті жүгі тиелген платформа өткен кезде майысып, содан кейін қалалық биліктің нұсқауымен алып тасталған еді. Оның биіктігі 5 метр болатын.

2014 жылдың қазанында Атырауға биіктігі бойынша ең ірі габаритті жүкті (10,5 метр)  «Sarens» көлік компаниясы жеткізді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 сәуір 2019, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.