Атырау, 25 қараша 03:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Биіктік шектегішті істен шығарды

Сурет
2 761 просмотра

29 қыркүйекте күндіз Привокзальныйдағы теміржол өткелінің маңында ұзақ уақыт бойына Атырау қаласынан шығатын жол жабық болды.

Ірі габаритті алып жүкті тасымалдаған колонна Привокзальный жақтағы өткел түбіне орнатылған биіктік шектегіштің астымен өткенімен, екінші шектегішке келгенде тіреліп қалып, әрі қарай өте алмады. Колонна жолды жалғастыру үшін оны кранмен көтеруге тура келіп, нәтижесінде оған зақым келді.

Осыған қатысты «АМӨЗ» ЖШС баспасөз хабарламасын таратты: «Кейбір БАҚ-тарда жарияланғандай, бұл ірі габаритті жабдықтың АМӨЗ-ге қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз. Оқиға орнына зауыт мамандары барып, бұл жабдықтың АМӨЗ-ге арналмағандығын анықтады. Онда “ПензХимМаш" деген жазу болған, жабдықты тасымалдаған көліктің мемлекеттік нөмірі - А314ОУ, өңір нөмірі 96 (Свердловск облысы). «АМӨЗ» ЖШС-нің мұнайды терең өңдеу кешеніне арналған жабдықтарды жеткізуші мердігерлері “ПензХимМаш" компаниясының осы нысан үшін жеткізуші болып табылмайтынын растады».

Біздің дереккөзіміз хабарлағандай, жүкті ресейлік көлік компаниясы Өзбекстандағы кәсіпорындардың біріне апара жатқан екен.

Өткелдің екі жағындағы биіктік шектегіштерге билік ететін қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВТІҢ айтуынша, қалалық шаруашылық нысанын жеке тасымалдаушы істен шығарған. Қазіргі уақытта осы ЖКО-ға қатысты бүкіл құжаттар, тигізілген зиян туралы акт, тасымалдаушының реквизиттері және т.б. әкімшілік полиция басқармасының қарауында жатыр. Олар сол жерден қалалық ТКШ бөліміне түскен кезде, тасымалдаушыға қатысты сотқа талап-арыз беріледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қазан 2016, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.