Атырау, 24 қараша 18:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«ЕмбіМұнайГаз» ұжымы мұқтаж жандарға баспана әперді

3 232 просмотра


Атырау облысының аудандарында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «ЕмбіМұнайГаз» АҚ ұжымының бір күндік жалақысына сатып алынған пәтерлер мен үйлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтіп жатыр. 11 маусымда Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында және Исатай ауданының Исатай мен Аққыстау ауылдарында баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бұл рәсім 12 маусымда Қызылқоға ауданының Жамансор және Мұқыр ауылдарында, 13 маусымда Жылыой ауданының Құлсары қаласында, 17 маусымда Мақат ауданының Доссор мен Мақат ауылдарында өтеді.

- Биылғы наурыз айында өңірімізге келген сапарында және іскер қауымдастықпен кездесу барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындарды көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек көрсетуге шақырды. Біздің ұжымның мұндай тәжірибесі бар, сөйтіп жұмысшыларға бір күндік табыстарын бөлуге ұсыныс жасадым. Тағы да өздерінің ауызбіршілігін көрсетіп, қасиетті Рамазан айында облыс аудандарынан 3 пәтер мен 5 үй сатып алуға жеткілікті сома жинаған ұжымға шексіз ризамын. Ембі мұнайшыларының арқасында көпбалалы және аз қамтылған 8 отбасы баспаналы болып, өмір сүрулеріне және балаларын тәрбиелеуге лайықты жағдай жасалды! – деп атап өтті құттықтау сөзінде «ЕмбіМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Мұқтаж жандар тізімі мен алынатын баспана туралы ақпаратты аудандық әкімдіктер ұсынған. Әр отбасына кілт табыстау салтанаты барысында компания ұжымының атынан негізгі азық-түліктердің бір айлық қоры да берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 маусым 2019, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.