Атырау, 25 қараша 07:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қай жолдар ақылы болады?

2 413 просмотра


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе-Атырау-Астрахан көлік жолында Атырау-Астрахан және Қандыағаш-Мақат учаскелерінің 120 шақырымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Ал Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға 2019 жылы «Ақтөбе - Атырау – РФ-мен шекара» жолдарын қалпына келтіруге 16,7 млрд теңге бөлінгенін, жобаның жалпы құны 122 млрд теңге екенін хабарлады. Сонымен бірге шығындардың бір бөлігі кейінірек «жолақы төлеуді» енгізу арқылы өтелуі мүмкін.

Көршілер жұмыс күшінің жетіспейтіндігіне шағымданады. Атап айтқанда, бульдозершілер мен асфальт төсегіштердің жүргізушілерін табу қиын екен. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» АҚ жергілікті филиалында оқу орталығы ашылған.

Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі бүгінде республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау» және «Атырау-РФ шекарасы» жолдарын байланыстыратын ұзындығы 26 шақырым солтүстік айналма жолдың құрылысы бойынша ТЭН әзірленгенін хабарлады.

«Биылғы жылы «Атырау – РФ шекарасы» тас жолының бойында орналасқан Котяевка және Шортанбай ауылдарында ішкі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР-дағы жалпы ұзындығы 5,5 мың км жолдың 13 учаскесінде ақы алу жүйесін әзірлеуді аяқтайды. Тізімге сүйенсек, 2020 жылы Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстанмен шекара жолдары ақылы болады. Жолақы құны туралы әзірге хабар жоқ. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін мұндай «ноу-хау» «Атырау - Ресей Федерациясы шекарасы» тас жолына да қолданылуы мүмкін.

Атырау облысындағы көлік жолдарының ұзындығы 3051 км құрайды, оның 990 шақырымы республикалық маңызды, 2 061,6 шақырымы - облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. 

Фархат ӘБІЛОВ

25 ақпан 2019, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.