Атырау, 25 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды

Сурет Бейнежазба
4 932 просмотра


29 қаңтарда Атырауда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында (№2 облыстық аурухана) екі сәби - мақаттық екі айлық сәби мен доссорлық екі жасар қыз - көз жұмды. Екі жасар Аяулымның анасы Анжела АХМЕТҚАЛИ диагноз дұрыс қойылмаған, дәрігерлер өз жұмыстарын нашар атқарды деп есептейді. Ал медқызметкерлер болса, өз міндеттерін кәсіби тұрғыда атқарғандарын, өздерінің еш кінәлары жоқтығын айтады.

ҚОЙЫЛҒАН ДИАГНОЗ КӨП


- Қызымда цитомегаловирусті инфекция болды. Осы ауруханада жатқан кезде қызуы өте жоғары болып, түспей қойды. Сондықтан да вирусқа қарсы ганцикловир препаратын қолдануға келісім бердім. Бас дәрігердің орынбасары препараттың міндетті түрде көмектесетінін айтты. Шынымен де, 10 күндік курстан кейін қызуы түсті. Бірақ кейін қайта көтерілді. Анализ нәтижесі вирустың әлі ағзада қалғанын көрсетті, - дейді Анжела Ахметқали. – Ал кейінірек бізге Аяулымда ДЦП бар деді. 24 қаңтарда бұған негіз жоқ деп, оны жансақтау бөліміне қабылдамай қойды. Бізді қарапайым палатаға салды. Кешікпей Аяулым көгеріп, құрыса бастады, содан соң комаға түсіп кетті.

Қызды жасанды тыныс алу аппаратына қосыпты. Кейінірек дәрігерлер оның бүйрегі істен шыққанын, өкпесінде пневмония анықталғанын хабарлаған. 29 қаңтарда Аяулым қайтыс болды.

- Қараған сайын түрлі диагноз қойды, ішінде анемия мен қызылша деген де диагноз болды. Ал бүгін нақты қайтыс болу себебін атаудан бас тартты. Бас дәрігердің орынбасары бізбен кездесіп, сұрақтарымызға жауап беруден бас тартып отыр, - дейді 20 жастағы ана.

«АЖ» тілшісі №2 облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Надя ЕРҒАЛИЕВАМЕН хабарласты. Ол Аяулым Махамбетқалидың қайтыс болу себебі – цитомегаловирус инфекциясы екенін айтып, әрі қарай тілдесуден бас тартты.


«БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ – ҚАЙТЫС БОЛУ СЕБЕБІН АНЫҚТАУ»


Содан кейін біз  облыстық патологоанатомиялық бюро директоры Исатай МОЛДАҒАЛИЕВПЕН сөйлестік.

- Қазір денеге сараптама жүргізіліп жатыр. ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 56-бабына сәйкес, ана немесе бала өлімі болған жағдайда, міндетті түрде патологоанатомилық зерттеу жүргізілуі тиіс, - дейді И. Молдағалиев. – Бұл азаматшаның (Анжела Ахметқали) дәрігердің диагнозына қатысты күмәні бар. Біз баланың қайтыс болу себебін анықтаймыз – бұл біздің функциялық міндетіміз.

- Денені сойғаннан кейін қандай жұмыстар жүргізіледі?

- Медициналық картасын сұратамыз, оның немен ауырғанын, неліктен осы диагнозды қойғанын зерттейміз. Дәрігерлерді шақырып, сұрақтарымызды қоямыз. Адамдар сойғаннан кейін қайтыс болу себебі бірден анықталады деп есептеледі, бірақ олай емес. Сол күні алдын ала мәліметтер ғана болады, ал нақты себебін тек 15 күннен кейін ғана атай аламыз. Осы кезеңде гистологиялық, микроскопиялық және басқа да сараптама түрлері жүргізіледі. Осыдан кейін қорытынды жасаймыз. Біз дәрігерлер қойған диагноз үшін жауап бермейміз, біздің жұмысымыз – қайтыс болу себебін анықтау.

- Анжела Ахметқали сот-медициналық сараптама бірден жасалмады деп шағымданып отыр.

- Ананың қайғысын түсінуге болады. Бүгін инфекциялық ауруханада екі бала қайтыс болды: алдымен екі айлық сәби, содан соң Аяулым Махамбетқали. Бізге алдымен сәби түсті, біз бірінші оны қарадық, содан кейін Аяулымды. Бізде мамандар тапшы: тек екі паталогоанатом жұмыс істейді.

Патологанатом Алмагүл НҰҒЫМАНОВА қыз бала сепсистен және септицемиядан қайтыс болған деп алдын ала себебін атады.

30 қаңтарда күндіз Аяулымның денесін Доссорға алып кетіп, кешкісін жер қойнына тапсырды.


«АЖ» анықтамасы: 
Цитомегаловирус – герпес тобына жататын инфекциялық ауру. Бастапқы сатыда көбінесе симптомсыз өтеді, балаларда белгілер ересектерге қарағанда айқын көрінеді. Сондықтан вирусологтардың пациенті көбінесе балалар болады. Инфекция туа бітті немесе жүре пайда болады. Туа бітті цитомегаловирус инфекциясы ауыр өтеді және асқынулар жиі туындайды. Ауру жекелеген ағзалардың жұмысын немесе жүйесін бұзуы немесе ағзаның жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Әдетте, инфекция иммунитет төмендеген кезде ғана бой көтереді, бұған дейін жабық түрде болуы және сәбидң денсаулығына зиян тигізбеуі мүмкін.
Балалардағы сепсис – ағзаның жұқтыру салдарынан пайда болатын өте қауіпті жүйелі қабыну реакциясы. Кейбір жағдайларда ол өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Оның белгілерін ертерек танып, тиісті емдеуді бастау маңызды, бұл аурудың болжамын едәуір жақсартады.
Септицемия – қан инфекциясының түрі, онда пайда болған қабынуға байланысты ағзаның жалпы жағдайының бұзылуы байқалады, бірақ ішкі органдарда іріңді зақымданулар болмайды.


«ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАДЫҚ»

«Біз 29 қаңтарда екі баланың қайтыс болғанын растаймыз. Екі айлық С.Н. полиорганды жетіспеушілік синдромынан, сепсис және септикопиемиядан көз жұмды. Ол ауруханаға іріңді менингоэнцефалиттің ауыр түрімен түсті. Ауруханада 6 күн жатты. Сол күні екі жасар М.А. қайтыс болды. Медиктер бүкіл керекті көмекті көрсетті, бірақ құтқара алмады. Сараптама М.А.-ның сепсис пен инфекциядан көз жұмғанын растады. Бұл жағдайлар бізідң басқарманың бақылауына алынған», - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор


1 ақпан 2019, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.