Атырау, 24 қараша 22:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды

Сурет Бейнежазба
4 084 просмотра


Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Атырау-Доссор трассасына рейдке шықты. Олар ауыр жүк көліктерінің жол жүру құжаттарын, шамадан тыс жүктің бар-жоғын және т.б. тексерді. Олармен бірге «AЖ» тілшісі де болған еді.

- Қазір алысқа қатынайтын жүргізушілердің жұмыстары көбейген кез, - дейді автомобиль көлігін бақылау бөлімінің бастығы Әнуар БИСАЛИЕВ. - Олар біздің аймақ арқылы Түркіменстаннан Ресейге жемістер, Ресейден Өзбекстанға және әрі қарай көліктің қосалқы бөлшектерін тасымалдайды. Ал біздің міндетіміз – бәрінің қазақстандық заңдар мен нұсқаулықтарға сәйкес болуын бақылау.

Айтпақшы, ҚР Көлік комитетінің Ахуал орталығы вотсап арқылы жедел желі ашты (+77080880800), оған кез келген азамат осы нұсқаулықтарды бұзған жүк көліктерінің суреттері мен бейнежазбаларын жібере алады.

- Мысалы, кейбір жүргізушілер қиыршық тасты немесе құмды жабылмаған күйде тасымалдайды, бұл - заң бұзушылық. Егер бұған бей-жай қарамайтын азаматтар бізге мемлекеттік нөмірін, өткен жерін, күні мен уақытын белгілеп, сурет-бейнежазба жолдаса, біз міндетті түрде әрекет етеміз, - деп сендірді Бисалиев.

Міне, бірінші «клиент» - Мәскеуден келе жатқан үлкен фура.

- Кеңсе тауарларын әкеле жатырмын. Барлық құжаттар дұрыс, көп жылдар бойы фура жүргіземін, - дейді Өзбекстан азаматы Салаходтин сенімді түрде. Шынында да, тәжірибелі жүргізушіде бәрі дұрыс екен, оған сәтті сапар тіледік.

Содан кейін екі фура өтті. Бұлар сол фирмадағы Салаходтиннің әріптестері екен, бірақ олар көліктің қосалқы бөлшектерін әкеле жатыр. Оларда да бәрі дұрыс болып шықты.

...Инспектор басқа фураны тоқтату үшін таяғын көтерді (айтпақшы, жол полициясынан ерекшелігі - көлік инспекциясының қызметкерлеріне таяқты қалдырған). Рөлде Теңізге автокөліктің қосалқы бөлшектерін апара жатқан Ресей азаматы отыр екен. Фураны арнайы таразыға қойды - оське жүктеме рұқсат етілген шекте екен.

Өте күшті желдің салдарынан инспекторлар сол күні тентпен жабылған бірнеше фураны тоқтатқан жоқ. Бұл жүргізушілердің жолы болды деп есептейік.

Өткен жылы көліктік бақылау инспекторлары Атырау облысының автомобиль трассаларында 2355 заң бұзушылықты анықтады, айыппұлдардың жалпы сомасы 120 млн теңге болды. Осы жыл басынан бері 739 заң бұзушылық анықталып, 45 млн теңгеге айыппұл салынды.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

7 мамыр 2019, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.