Атырау, 25 қараша 01:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаңғыбастар телеграфты басып алды

3 750 просмотра


Мақат ауданы Доссор кентінің орталығында орналасқан үш қатарлы бұрынғы пошта мен телеграф ғимараты 25 жылдан бері бос тұр. Есік-терезесі жоқ орынжай қаңғыбастардың баспанасына айналыпты.

- Осында қаңғығандар мен ішкіштер жиналады. Осы үйдің жанынан өтетін оқушы балаларымыздан қорқамыз,- дейді жергілікті тұрғындар. - Мұны жөндеп, біреуге пайдалануға берсін немесе мүлдем бұзып тастасын, ауылдың сәнін кетіріп болды.

Доссор кенті әкімінің м.а. Гүлнар ЕРҒОЖИЕВА:

- 1978 жылы салынған ғимарат "Қазпочта" АҚ-тың Атырау филиалының балансында тұр. Өткен жылдың 20 сәуірінде филиалдың келісімімен ғимаратты стратегиялық нысандар тізімінен шығарып, жеке кәсіпкерге саттық. Алайда сатып алушының ақшасы жетпеуіне орай келісімшарт бұзылды. Биыл 26 сәуірде "Қазпочта" АҚ филиалы голландтық әдіспен аукцион өткізді, бірақ сатып алушы табылмады. Тағы өткізеді. Бастапқы құны - 9 миллион 706 мың теңге.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

28 сәуір 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.