4 қарашада сағат 10 шамасында Атырау-Құлсары трассасының Доссор кентінен 50 шақырым жерінде КамАЗ бен "Тойота Камри" автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. ЖКО салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігі ішінде жан тапсырды.
"Тойотаның" тағы екі жолаушысы Құлсары қаласына ауруханаға жеткізілді. Бейресми ақпарат көздерінің айтуынша, олар жан сақтау бөліміне орналастырылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА