Атырау, 23 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Ықшам аудандардағы кернеулер

– Жыл басында «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ кейбір тұрғын массивтеріндегі кернеуге қатысты проблемалардың қосымша абоненттердің қосалқы стансаларға заңсыз қосылуымен байланысты екендігін айтты. Осыған байланысты проблема туындап отыр. Кезінде «Жерұйық» ықшамауданындағы 6 үйдің өз трансформаторы болды. Уақыт өте келе «Атырау-Жарық» бізді өзінің ортақ қосалқы стансасына қосты. Қазір біздің үйімізде төмен кернеудегі жарық беріліп отыр. Бұл жағдайдан шығатын нақты жолдар бар ма? Егер қосымша абоненттер біздің трансформаторға қосылған болса және «Атырау-Жарық» олардан да абоненттік төлем жинайтындығын ескерсек, ол бұл жағдайға қалай ықпал ете алады? 14 наурыз 2013, 00:00 2 635 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көбейді

– Еңбек министрлігі 1 қаңтардан бастап төменгі зейнетақының 17 419-дан 19 066 теңгеге дейін, ал орташа мөлшері 32 928 теңге, базалық мөлшерлеме (9 330 теңге) есебімен - 42 258 теңге құрайтынын мәлімдеді. 2012 жылы мен 28 166 теңге зейнетақы алдым. Қаңтардан бастап 30 593 теңге ала бастадым. Төлем орталығындағылар маған есептелген 21 166 теңге зейнетақыға базалық мөлшерлеме - 9 330 теңгені қосқандықтарын түсіндірді. Егер бұрын 28 166 теңге алған болсам, 21 166 теңге деген цифр қайдан шыққан? 14 наурыз 2013, 00:00 3 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қоғам көмекке келеді

«Қайғыны бөліссең, жеңілдейді» мақаласында («АЖ» №5, 31.01.13 ж.) әкесіз қалған балалардың Қызыл Жарты ай Қоғамы желісі бойынша асыраушысынан айырылуына байланысты арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар делінген. Осы жәрдемақыны ресімдеу үшін қандай құжаттарды қайда тапсыру керек? 7 наурыз 2013, 00:00 1 821 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен төлемнен құтыл

– Мен бас кеңсесі Ресейде орналасқан Атыраудағы фирмаға басшылық еткен едім. Жақында келісімшарт мерзімі аяқталып, жұмыстан босадым. Жұмыс кезінде есепші дер кезінде есептеме тапсырмағандықтан фирмаға және маған айыппұл салынды. Мен өз айыппұлымды төледім. Енді менің бұрынғы жұмыс берушім кәсіпорынға салынған айыппұлды да менің төлеуімді талап етуде. Әйтпесе өткен мерзім үшін еңбекақымды және пайдаланылмаған еңбек демалысымның өтемақысын төлемейміз деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр.  Бірақ айыппұл директорға емес, кәсіпорынға салынды ғой. Осы дұрыс па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 607 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғыша есептеледі

Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 3 040 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өтемақы ала алмайсыз

– Фирмада екі жыл жұмыс істегеннен кейін өз қалауым бойынша жұмыстан кетуді ұйғардым. Бұл туралы алдын ала басшылығыма ауызша түрде ескерткен едім. Бірақ ол басқаша әрекет етті. Өтіп кеткен күнмен мерзімі жақында ғана өткен еңбек келісімшартын дайындап, мені қол қоюға мәжбүр етті. Әйтпесе лауазымдық міндеттемесін орындамады деген  баппен жұмыстан шығарып жібереміз деп қоқан-лоққы жасады. Міндеттемемді адал атқарсам да, қолымды қойдым. Осыдан кейін ғана есеп бөліміндегілер қызметтен босарда берілетін жәрдемақыны ала алмайтынымды айтты. Осы рас па? 7 наурыз 2013, 00:00 2 211 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелдіктерге - ақылы

– Құрбым – Молдова елінің азаматшасы, қазір осында жұмыс жасап жүр. Жүкті болғандықтан есепке тұрғысы кеген еді, бірақ емханадағылар шетелдік азаматтарға тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетілетінін айтты. Жүкті әйелдер үшін жеңілдік жоқ па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 517 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңды демалыс

– Мен Қашағанда 28/28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасадым. Содан кейін мені бұйрық арқылы 7/7 күн кестесімен Атырауға ауыстырып жіберді.  Алдыңғы келісімшартқа сәйкес, мен 28 күн демалуға тиіс едім, бірақ бар болғаны 23 күн демалдым. Үстеме 5 жұмыс күні үшін маған төлемеді. Бұл заңды ма? Тек менің мекен-жайым ғана өзгерді, ал компания орнында қалды ғой. 28 ақпан 2013, 00:00 2 776 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Айырбас жасалмайды

– Біз 1961 жылы шығарылған 10 рубльдік купюралар бумасын тауып алған едік. Бір танысымыз бірнеше жыл бұрын Ұлттық банктің жергілікті филиалынан  бұдан да ескі ақшаларды  ауыстырып алыпты. Табылған ақшаларды қандай бағам бойынша айырбастай аламыз? 28 ақпан 2013, 00:00 1 750 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама алуға құқылы

– Бірнеше жыл бұрын азаматтығымды өзгертіп, Ресейге тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен едім. Енді зейнетақы ресімдеу үшін маған соңғы бес жылдағы мұрағат анықтамасы қажет болып отыр. Атырау қалалық мұрағатына хабарласқанымда, маған мұндай анықтама беруден бас тартып, тек үш жылдың ғана анықтамасын бере алатындарын айтты. Енді не істеймін? 28 ақпан 2013, 00:00 2 140 рет қаралды
Бұл тек басы ғана... Сұрақ-жауап

Бұл тек басы ғана...

– Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек? 21 ақпан 2013, 00:00 3 370 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескі үйге артықшылық бар

– Мен таяу жылдары пайдалануға берілген Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйлердің бірінде тұрамын. Терможаңғырту бағдарламасының аясында лифтіні өз есебімізден жөндеуге мәжбүрлеп отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін қанша уақыттан соң үйге күрделі жөндеу жасалуы тиіс? 21 ақпан 2013, 00:00 2 428 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәжірибеден өту - ақылы

– Мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Радиотехника, электроника, коммуникация» мамандығы бойынша 4 курста оқып жүрмін. «Қазақтелекомнан» тәжірибеден өткім келген, бірақ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының кадрлар бөлімінде кәсіпорыннан тәжірибеден өту ақылы екендігін және 20 мың теңге шамасында екендігін айтты. Мен абдырап қалдым. Мұндай ережемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған едім. 21 ақпан 2013, 00:00 2 778 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бригадалар үлгермейді

– Түнде екі жасар сәбидің температурасы 39,3-ке дейін көтеріліп, жедел жәрдем шақырдық. Бригада градусниксіз, қызу түсіретін препараттарсыз 3 сағатқа кешігіп келді. Сонда олардың не үшін келгенін әлі түсінбеймін. Жедел жәрдем стансасында педиатриялық бригада жоқ болғаны ма?  21 ақпан 2013, 00:00 2 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицензиялық өнім орнатылуы тиіс

– Менің компьютерлер жөндеу қызметін көрсететін ЖК-ым бар, сонымен қатар Windows операциялық жүйелер орнатумен де айналысқым келеді. Мұндай қызметтер көрсетуге құқылымын ба? Маған өндірушіден қандай да болмасын рұқсат қажет пе? 21 ақпан 2013, 00:00 2 015 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қамау тәртібі

– Ұлымды полицейлер ұстап алды. Ол ҚІІБ-де күні бойы болды. Оны тек түнде сағат 23.00-дер шамасында келесі күні келуге міндеттеп босатты. Менің білуімше, полицейлердің 3 сағаттан артық ұстауға қақылары жоқ. Полицейлер ұлымның ҚІІБ-не тек 20.30-да ғана жеткізілгенін, сондықтан олардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық жоқ екендігін айтып отыр. Бірақ іс жүзінде оны таңертең ұстаған еді. Түске дейін полицейлер ұлымды көліктерімен алып жүріп, ал бөлімшеге тек түстен кейін әкеліп, кешке дейін ұстаған. Полицейлердің әрекеттері қаншалықты заңды? 21 ақпан 2013, 00:00 1 770 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даңқты жерлесіміздің есімі

– Бұрын біздің көшеміз Верхняя Садовая деп аталды. Өткен жылдың аяғында оған Шамкен Мұхтаровтың есімін берді. Бүкіл интернетті қопарып, мұндай адам туралы ешқандай мәлімет таба алмадым. Біздің көшеміздің қандай жанның есімімімен аталатынын білгіміз келеді. 14 ақпан 2013, 00:00 2 571 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қамқорлыққа алынған мектептер

– №21 мектептегі жөндеу жұмыстарынан кейін бізді, мұғалімдерді 3 мың теңгеден дәліздегі стендтерге ақша беруге мәжбүрлеп отыр. Өз есебімізден сыныптарды безендіруге: жалюздер, көрнекі құралдар мен басқа да нәрселерді сатып алуға міндеттеді. «Ата-аналардан немесе өздерің жинаңдар» деді. Неліктен мұны өз қаржымыздан жасауға мәжбүрлейді?.. 14 ақпан 2013, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Егеуқұйрық, тышқан бар ма?

– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба? 7 ақпан 2013, 00:00 2 656 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нөмір дағдарысы

– Жаңа мемлекеттік нөмір алғым келген. Бірақ көліктің артқы нөмір тұратын орны шаршы боп келген. Жергілікті жол полициясындағылар жаңа нөмірлердің тек тік бұрышты пішінде екенін мәлімдеп отыр. Алайда жол полициясы комитетінің сайтынан шаршы нөмірлер де бар екенін оқыған едім. Осы рас па? 7 ақпан 2013, 00:00 2 109 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көрсетілім бойынша тексеру

– Мен №1 емханада есепте тұрмын. Біріншіден, жүктілігіме байланысты генетиктен ақылы кеңес алу үшін мені жеке емханаға жіберді. Бірақ кейбіреулерін облыстық перзентханаға тегін кеңес алуға жіберіп жатқанын білемін.  Екіншіден, бұрын ИФА мен ПЦР әдістері арқылы инфекцияларды тексеру жүктілер үшін тегін еді, ал қазір ақылы болған. Бұл немен байланысты? 7 ақпан 2013, 00:00 2 465 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бір қолға үш жәрдемақы

– Қазіргі уақытта біз сәбиіміздің мүгедектігі бойынша құжат ресімдеумен айналысудамыз. Менің білуімше, бізге бірден жәрдемақының үш түрі – екеуі сәбиге және біреуі күтім жасайтын ата-анасына тиесілі. Бірақ көру қабілеті жағынан мүгедек сәбиі бар туысымыз оның әкесі қайтыс болғаннан кейін, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы ресімдей алмады. Оған жәрдемақылардың бірін таңдау керектігін айтыпты. Осы дұрыс па? 31 қаңтар 2013, 00:00 2 681 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кешкі «романтика»

- Біз Береке селосындағы «Кабиева» ЖК-нің су тазалау құрылғысының аумағында жаңа тұрғын үй массивінде тұрамыз. Бізді электр жарығына қатысты проблемалар шаршатып болды. Шамдар сығырайып, тоңазытқыш пен теледидарлар үнемі бұзылуда, кернеуді реттейтін стабилизаторлар да көмектеспейді. Өткен жылдың қарашасында біз «АтырауЭнергоСату» ЖШС директорының қабылдауында болдық. Ол жіберген комиссия электрмен қамту тұрақты болатын күндізгі уақытта келді. Ал проблемалар, негізінен, кешкі уақыттарда туындайды. Электрмен қамту қашан тұрақтанады екен? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 375 рет қаралды