Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ескі үйге артықшылық бар

2 258 просмотра

– Мен таяу жылдары пайдалануға берілген Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйлердің бірінде тұрамын. Терможаңғырту бағдарламасының аясында лифтіні өз есебімізден жөндеуге мәжбүрлеп отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін қанша уақыттан соң үйге күрделі жөндеу жасалуы тиіс?

Телефон арқылы

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 2011 жылғы 30 сәуірдегі «ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» №473 Үкімет қаулысына сілтеді. Алайда бұл құжаттан іздеп отырған мәліметті таба алмадық.

Қалалық ТКШ, көлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, бағдарлама аясында күрделі жөндеу немесе типтік жөндеу түрін жүргізу үшін ондай шектеу жоқ екен, алайда бұрынғы кездері 2000 жылдан кейін салынған үйлер болмау керек деп ұсынылған. Қазір бәрі де тұрғындардың өздерінің шешімдеріне байланысты. Жөндеуге меншік иелерінің 2/3 бөлігі келісім беруі тиіс. Алайда бағдарлама мемлекет қаржысымен жүзеге асырылатындықтан, оның қайтарылатындығы ескеріліп, анағұрлым ескі тұрғын үйге артықшылық беріледі.

Алмагүл ықшамауданындағы ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында №18, 20, 21, 22 және 24 үйлердің лифтілерін ауыстыру жоспарланған.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.