Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Кешкі «романтика»

2 173 просмотра

- Біз Береке селосындағы «Кабиева» ЖК-нің су тазалау құрылғысының аумағында жаңа тұрғын үй массивінде тұрамыз. Бізді электр жарығына қатысты проблемалар шаршатып болды. Шамдар сығырайып, тоңазытқыш пен теледидарлар үнемі бұзылуда, кернеуді реттейтін стабилизаторлар да көмектеспейді. Өткен жылдың қарашасында біз «АтырауЭнергоСату» ЖШС директорының қабылдауында болдық. Ол жіберген комиссия электрмен қамту тұрақты болатын күндізгі уақытта келді. Ал проблемалар, негізінен, кешкі уақыттарда туындайды. Электрмен қамту қашан тұрақтанады екен?

Телефон арқылы

Сұраққа «Атырау Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ  жауап берді:

- Бұл тұрғын үй массивін электрмен қамту 250 киловольтамперді құрайтын  КТП-126/9 трансформаторлық қосалқы станциясынан жүзеге асырылады. Бұл қуаттылық тек 40 үйге есептелген, бірақ қазір бұл трансформаторға өз бетімен және электр қондырғыларын орнату ережелерін бұзу жолымен 128 тұтынушы қосылған. Сондықтан да бұл қуатты трансформатордың күші жетпейді. Электрмен қамту жағдайын тұрақтандыру үшін ЛЭП-10/0,4 киловольт құрылысы салынып, КТПНГ-10/0,4 киловольт трансформаторлық қосалқы станциясы қондырылуы керек.

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.