Атырау, 16 сәуір 16:53
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Келісім қажет

1 799 просмотра

– Мен ЖШС-нің кадрлар бөліміне жаңадан жұмысқа кірген едім. Еңбек кодексінде жұмыс берушінің бұйрығы қызметкерлермен келісілуі тиіс деген бап бар. Бұл қалай жүзеге асырылуы тиіс?

Телефон арқылы

Сұраққа заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап берді:

– Шынымен, 17 ақпан 2012 жылғы заңмен ҚР Еңбек кодексінің 12-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады. Әр ұжымда жалпы жиналыста өкіл сайланып, бұл факт хаттамаға енгізілуі керек. Тек ұжым бекіткеннен кейін сайланған өкілдер заңды құқыққа ие болып, жұмыс берушінің актілерімен келісетін немесе келіспейтіндігін білдіре алады және ұжым атынан келісу процедурасы кезінде заңды құжаттарға қол қоя алады.

Ішкі тәртіп ережесін бекіту кезінде, штатты қысқарту туралы шешім қабылдағанда ол және басқа заңды актілер келісілуі керек. Бұйрық, өкім шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасы мен негіздемесін қызметкерлер өкілдеріне ұсынады. Акт жобасын қызметкерлер ол ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын уақытта талқылайды. Содан соң қызметкерлер өкілдері хаттама толтырып, онда актінің жобасымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін көрсетеді. Сол жерде олардың ұсыныстары көрсетілуі мүмкін. Егер қызметкерлер құжат жобасымен келіспесе немесе оны жетілдіру үшін ұсыныстар енгізсе, жұмыс беруші қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескеріп, өзгертілген акт шығарады немесе қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізеді. Туындаған келіспеушіліктерге жеке хаттама толтырылады. Содан кейін жұмыс беруші актіні өздігімен қабылдауға құқылы. Қызметкерлер өкілдері өз кезектерінде ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы

Мәселен, жұмыс беруші түскі ас уақытын 30 минутқа дейін қыс-қартқысы келсе, ал қызметкерлер онымен келіспеуі мүмкін. Жұмыс беруші осындай актіні өзі шығара алады, ал қызметкерлер сотқа шағым жасай алады.

Тәжірибе жүзінде, егер жұмыс берушінің шығарған актісінде қызметкерлердің Еңбек кодексінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментіне немесе сотқа шағымдануға болады.

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.