– Құрбым – Молдова елінің азаматшасы, қазір осында жұмыс жасап жүр. Жүкті болғандықтан есепке тұрғысы кеген еді, бірақ емханадағылар шетелдік азаматтарға тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетілетінін айтты. Жүкті әйелдер үшін жеңілдік жоқ па?
аzh.kz сайтынан
№1 қалалық емхананың бас дәрігері Еркінбай ҚУАНОВ хабарлағандай, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі тек ҚР азаматтарына ғана қолданылады. 2011 жылдың қаңтарынан бастап жүкті әйелдер тіркелімі енгізілген. Соның көмегімен жүктілік мерзіміне - әйел есепке тұрғаннан бастап сәби дүниеге келгенге дейін бақылау жасалады. Осыдан кейін мәліметтер тіркелімнен алынып тасталады. ҚР резиденті емес тұлғаны автоматтандырылған компьютерлік бағдарламаға енгізу мүмкін емес: ол үшін ҚР азаматының жеке бас куәлігі мен ЖИН қажет. Осы негізде барлық медициналық қызметтер шетелдік азаматтарға ақылы негізде жүргізіледі.