Атырау, 11 қазан 17:42
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

2 487 просмотра

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бастығы Меңдіхан ЛҰҚПАНОВ түсінік берді:

– «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса, әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 13-тармағына сәйкес, ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер жақын туыстар деп танылады (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағы секілді).

Үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар туыстар деп танылады.

ҚР Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 24 ақпандағы ұсынған түсіндірмесі бойынша, әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуына салынған тыйым мемлекеттік сатып алуларды баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүзеге асырған кезде қолданылмайды. Өйткені баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өкілетті органның веб-порталымен жүргізіледі.

Заңдарға және заңға қосымша актілерге тән күрделі сөздерді ескере отырып, қаржылық бақылау инспекциясының №5 бөлімінің бастығы Бақыт ҚАЗЫБАЕВАДАН қосымша түсінік алған едік:

– Егер конкурсқа (лотқа) қатысу туралы айтсақ, оған тек бір отбасы мүшесі ғана қатыса алады. Егер оған туысының ішінара қатысы бар басқа ЖК қатысуға ниет білдірсе, бұл заңсыз болады. Ал егер бұл әдетте өкілетті орган веб-портал арқылы өткізетін баға ұсыныстарына сұрау салу секілді мемлекеттік сатып алулар тәсілі болса, бұл тыйым қолданылмайды.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.