– Үйге қосымша iD TV нүктесін орнатуға бола ма және бұл үшін қосымша құрал-жабдық қажет пе?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау ОТД-ның БАҚ-тармен жұмыс және корпоративтік портал жөніндегі маманы Жанар БІЛӘЛОВА жауап берді:
–Егер абонентте «Оптика в дом» технологиясы бойынша байланыстың талшықты-оптикалық желісі жүргізілген болса, іD TV қызметінің екінші нүктесін қосуға болады. Бұл технологияны телефон нөмірлері 50ХХХХ және 51ХХХХ-тен басталатын абоненттер қолданады. Қызметті орнату үшін байланыс орталығының «160» телефонына өтініш беруге немесе Абай көшесінің бойындағы Орталық агенттікке және Лесхоз ықшамауданындағы сервис бюросына хабарласуға болады.