– Бірнеше жыл бұрын азаматтығымды өзгертіп, Ресейге тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен едім. Енді зейнетақы ресімдеу үшін маған соңғы бес жылдағы мұрағат анықтамасы қажет болып отыр. Атырау қалалық мұрағатына хабарласқанымда, маған мұндай анықтама беруден бас тартып, тек үш жылдың ғана анықтамасын бере алатындарын айтты. Енді не істеймін?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау қалалық мұрағатының мұрағатшысы Шынар МУСИНА жауап берді:
– Бұл жерде түсінбестік орын алған сыңайлы. Клиент бес жылдың мұрағаттық мәліметтерін сұрауға құқылы. Ресей азаматтары сұранысты пошта арқылы жасай алады. Сонымен қатар мұны Атырауда тұратын адамға да тапсыруға болады. Ол үшін осы адамға тиісті сенімхат ресімдеп, онымен халыққа қызмет көрсету орталығына барып, біздің мұрағатқа сұраныс жібере алады. Анықтама 15 күн ішінде дайын болады.