Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Нөмір дағдарысы

1 945 просмотра

– Жаңа мемлекеттік нөмір алғым келген. Бірақ көліктің артқы нөмір тұратын орны шаршы боп келген. Жергілікті жол полициясындағылар жаңа нөмірлердің тек тік бұрышты пішінде екенін мәлімдеп отыр. Алайда жол полициясы комитетінің сайтынан шаршы нөмірлер де бар екенін оқыған едім. Осы рас па?

azh.kz сайтынан алынды

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– Мемлекеттік көлік нөмірлерінің екі типі бар. Біріншісі – екі нөмір де тік бұрышты, екіншісі – алдыңғы нөмір тік бұрышты, артқы нөмір – шаршы пішінді. Бізге екі түрдегі нөмірді жібереді. Бірақ екінші типті нөмір қарапайым нөмірге қарағанда жай өтеді. Осыған байланысты бізде әлі екінші ескі типтегі нөмірлер қалып отыр. Біз сол нөмірлерді үлестіріп бітірмейінше, екінші типтегі жаңа нөмірлерді бізге жібермейді. Бұл заңды, өйткені ескі түрдегі нөмірлер әлі жойылған жоқ және жаңа нөмірлермен қатар қолданыста болады.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.