Атырау, 27 сәуір 03:41
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қамау тәртібі

1 495 просмотра

– Ұлымды полицейлер ұстап алды. Ол ҚІІБ-де күні бойы болды. Оны тек түнде сағат 23.00-дер шамасында келесі күні келуге міндеттеп босатты. Менің білуімше, полицейлердің 3 сағаттан артық ұстауға қақылары жоқ. Полицейлер ұлымның ҚІІБ-не тек 20.30-да ғана жеткізілгенін, сондықтан олардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық жоқ екендігін айтып отыр. Бірақ іс жүзінде оны таңертең ұстаған еді. Түске дейін полицейлер ұлымды көліктерімен алып жүріп, ал бөлімшеге тек түстен кейін әкеліп, кешке дейін ұстаған. Полицейлердің әрекеттері қаншалықты заңды?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ комментарий берді:

– Ұстау мерзімінің басталу уақыты –  іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығын шектеуді: арнаулы орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлі жеткізуді (басып алу, орынжайға жауып тастау, бір жерге баруға немесе сол жерде қалуға мәжбүрлеу және т.б.), сонымен қатар, ұсталған адамға қандай да болмасын іс жүргізу мәртебесі берілгеніне немесе басқа да формальды процедуралардың орындалғанына қарамастан, адамның жеке бас бостандығын едәуір шектейтін қандай да болмасын басқа әрекеттерді қосқанда, ұсталған тұлғаның бостандығына шектеу жасалған сағаттың минутына дейінгі уақыт боп табылады.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.