Атырау, 27 желтоқсан 06:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бригадалар үлгермейді

2 106 просмотра

– Түнде екі жасар сәбидің температурасы 39,3-ке дейін көтеріліп, жедел жәрдем шақырдық. Бригада градусниксіз, қызу түсіретін препараттарсыз 3 сағатқа кешігіп келді. Сонда олардың не үшін келгенін әлі түсінбеймін. Жедел жәрдем стансасында педиатриялық бригада жоқ болғаны ма? 

Телефон арқылы

Сұраққа жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігерінің орынбасары Әлия ҚУАНОВА түсінік берді:

– Біз қазір осы мәселені анықтау-дамыз. Градусник болған, тек кейбір ата-аналар ортақ градусникті қаламай, өздерінікін ұсынады.

Литикалық қоспаға (ыстық түсіретін құрал) келер болсақ, ол да болған. Бірақ емдеу хаттамасы бойынша 39,3 температурада, егер қалшылдау синдромы, өкпе жолдарының түйілуі, бронхиты болмаса, таблетка немесе шәрбат түріндегі ыстық түсіретін құрал тағайындалады. Бұл халықаралық стандарт, біз ол бойынша төрт жылдан бері жұмыс жасап келеміз.

– Мұны да фельдшер түсіндіре алмаған ба?

– Солай сияқты...

– Ал ол неше жылдан бері жұмыс істеп келеді?

– Екінші жыл, медколледж түлегі.

Бүкіл қала бойынша бізде 2 педиатриялық бригада бар, әрине, бұл жеткіліксіз. Тәулік ішінде біз 100-110-нан астам шақырту қабылдаймыз. Ал қазір оның үстіне өткір респираторлық-вирустық жұқпалы аурулар маусымы басталды. Бригадалар бүкіл шақыртуларға қызмет көрсетіп үлгере алмайды. Бірінші кезекте 1 жасқа дейінгі сәбилерге барады.

Мамандарға келер болсақ, бар мәселе - кадрлардың тапшылығында. Бізге негізінен медколледж түлектері келеді. Біз оларға пациенттермен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндіреміз. Бұл жағдайда дәрігер мен ата-аналар арасында түсінбестік орын алған деп ойлаймын.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.