Атырау, 9 желтоқсан 22:40
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Бір қолға үш жәрдемақы

2 541 просмотра

– Қазіргі уақытта біз сәбиіміздің мүгедектігі бойынша құжат ресімдеумен айналысудамыз. Менің білуімше, бізге бірден жәрдемақының үш түрі – екеуі сәбиге және біреуі күтім жасайтын ата-анасына тиесілі. Бірақ көру қабілеті жағынан мүгедек сәбиі бар туысымыз оның әкесі қайтыс болғаннан кейін, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы ресімдей алмады. Оған жәрдемақылардың бірін таңдау керектігін айтыпты. Осы дұрыс па?

Телефон арқылы

Сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы Құрманай ҚАЛИЕВА жауап берді:

– Мүгедек балаларға жәрдемақының үш түрі төленеді: 18 660 теңге мөлшеріндегі мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, жеңілдіктің орнына берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 1 587 теңге және 18 жасқа дейінгі мүгедек сәбиді тәрбиелеуші ата-аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 18660 теңге. Жәрдемақыны ресімдеу үшін сізге белгіленген формада өтініш жазып, оған сәбидің туу туралы куәлігін, сәбидің ЖИН-ін, мүгедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын, азаматтарды тіркеу кітабын немесе мекенжай анықтамасын, ата-аналарының жеке бас куәліктері мен олардың СТН-дарын тіркеу керек. Сонымен қатар, кез келген екінші деңгейлі банктен есепшот ашу керек. Сіздің туысыңыздың сәбиіне екі жәрдемақы ресімдемеген. Себебі олар «мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы» деген бір топқа жатады. Мұндай жағдайда мөлшері көп жәрдемақыны ресімдейді. Сіздің жағдайыңыз басқа - сәбиге берілетін екі жәрдемақы түрлі топқа жатады.

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.