Атырау, 29 желтоқсан 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Заңды демалыс

2 666 просмотра

– Мен Қашағанда 28/28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасадым. Содан кейін мені бұйрық арқылы 7/7 күн кестесімен Атырауға ауыстырып жіберді.  Алдыңғы келісімшартқа сәйкес, мен 28 күн демалуға тиіс едім, бірақ бар болғаны 23 күн демалдым. Үстеме 5 жұмыс күні үшін маған төлемеді. Бұл заңды ма? Тек менің мекен-жайым ғана өзгерді, ал компания орнында қалды ғой.

Телефон арқылы

Сұраққа заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА комментарий берді:

- Әңгіме жұмыс уақыты режимінің өзгеруі туралы болып отыр. ҚР Еңбек кодексінің 41-бабымен еңбек шартының өзгеру тәртібі реттеледі. Жұмыс беруші жұмысшысын басқа жұмыс режиміне ауыстырған кезде онымен еңбек жағдайының өзгергендігі туралы (тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енетін) Қосымша келісім жасауы тиіс еді. Оқырман ауыстыру туралы бұйрыққа сілтеп отыр, бұл ауыстыру үшін негіз болмайды. ҚР Еңбек кодексінің 41-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Бұған қызметкердің келісімі мен Қосымша келісім негіз боп табылады.

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 79-тармағына сәйкес, қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс үстеме жұмыс деп танылады. Осылайша, үстеме жұмыс сағаттары қызметкердің жазбаша келісімінің негізінде жасалатын жеке актімен ресімделуі тиіс.

Егер ауыстыру дұрыс ресімделген болса, онда қызметкер жұмыс берушінің басқа режимге және басқа жерге ауыстыру туралы ұсынысына өз келісімін бере отырып, өзінің демалыс күндерін ескерер еді және өз мүддесіне зиян келмес үшін демалыс есептелген Қосымша келісімге қол қойған болар еді. Ауыстыру кезінде қызметкердің құқығына нұқсан келген және жұмыс беруші алдыңғы 28/28 күн режимнің қосымша 5 демалыс күнін  ұсынуы немесе өтемақы төлеуі тиіс деп есептеймін.

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.