«Қайғыны бөліссең, жеңілдейді» мақаласында («АЖ» №5, 31.01.13 ж.) әкесіз қалған балалардың Қызыл Жарты ай Қоғамы желісі бойынша асыраушысынан айырылуына байланысты арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар делінген. Осы жәрдемақыны ресімдеу үшін қандай құжаттарды қайда тапсыру керек?
Телефон арқылы
Сұраққа «Қызыл Жарты ай» Қоғамының облыстық филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВА жауап береді:
- Әкесіз қалған балаларға қайырымдылық көмек ресімдеу үшін келесі құжаттар керек:
Сәбидің түрлі-түсті фотосуреті (3/4 өлшемде) – 2 дана; сәбидің туу туралы куәлігінің көшірмесі; әкесінің қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі; ата-аналарының некесі туралы куәліктің көшірмесі; ПИК-тен отбасы құрамы туралы №3 формадағы анықтама немесе анасымен (қамқоршысымен) бірге тұратын балалары көрсетілген үй кітабының көшірмесі; анасының (қамқоршысының) жеке бас куәлігінің көшірмесі. Ата-анасының екеуі де жоқ болса, анасының да қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі және қамқорлыққа алушыны белгілеу туралы құжат қажет болады. Үміткерлер жәрдемақы алуға құжаттар көшірмесін тапсырған кезде, өздерімен бірге олардың түпнұсқалары болуы тиіс. Жәрдемақы тек 10 жасқа дейінгі балаларға ғана ресімделеді.
Құжаттар пакетін Островский көшесі, 4 а (Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ғимараты) мекен-жайындағы «Қызыл Жарты ай» Қоғамына тапсыру қажет. Байланыс телефоны: 30 68 36.