Атырау, 18 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Көрсетілім бойынша тексеру

2 173 просмотра

– Мен №1 емханада есепте тұрмын. Біріншіден, жүктілігіме байланысты генетиктен ақылы кеңес алу үшін мені жеке емханаға жіберді. Бірақ кейбіреулерін облыстық перзентханаға тегін кеңес алуға жіберіп жатқанын білемін.  Екіншіден, бұрын ИФА мен ПЦР әдістері арқылы инфекцияларды тексеру жүктілер үшін тегін еді, ал қазір ақылы болған. Бұл немен байланысты?

Телефон арқылы

 

№1 емхананың бас дәрігерінің босанатын әйелдерге жәрдем беру жөніндегі орынбасары Бақытжамал ИМАНАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, генетиктің кеңесіне жүкті әйелдердің бәрін бірдей емес, тек көрсетілім бойынша (егер алдыңғы жүктілігінде проблемалар болса, әлденеше рет түсік тастаған және т.б. болса) – бұрынғы проблемаларының себептерін анықтау және алдын алу үшін жібереді екен. Мамандардың қайсысына баруды жүкті әйелдердің өздері таңдайды. Емхана дәрігерлері жеке маманға жолдама жазып бере алмайды.

Екінші сұраққа облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА жауап берді:

– Дәлелді медицина шеңберінде бұрын мемлекет ИФА мен ПЦР әдістері арқылы жүкті әйелдерден инфекцияларды тексеру қаржысын төлеген еді. Бірақ бұл тәжірибе өзін ақтамады. Кей жағдайда әйелдер инфекция таратушы боп табылды, бірақ бұл бағына қарай сәби денсаулығына әсер еткен жоқ. 2010 жылдан бастап мемлекет осы тексеру жұмыстарын төлеуді тоқтатты. Енді белгілі бір санаттағы әйелдер өмірлік маңызды көрсеткіштер бойынша ғана осы анализдерді тегін тапсыра алады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізімінде осы инфекцияларды емдеу қарастырылмаған.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.