Атырау, 19 сәуір 19:42
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сот шешімін орындаудың ақылы қызметі

9 736 просмотра

- Жеке сот орындаушылары болады деп естігем, олардың қызметінің қандай қажеттілігі бар және олардың мемлекеттіктерден айырмашылығы қандай?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушысы Нұрлан ОСПАН жауап береді:

- Жеке сот орындаушылар институты Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша құрылған. Қазақстан осы тәжірибені алғашқылардың бірі болып қабылдады. Қажеттілік өзінен өзі туындады – әр сот орындаушыда жүзден аса іс жинақталып қалады да, сот шешімін орындау кешіктіріледі. Қолданыстағы «Сот өндірісі және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңға қосымшалар енгізу туралы жарлық 2010 жылы заңды күшіне енді. Атырауда жеке сот орындаушылар бір жылдан кейін пайда болды.

Заңға сәйкес, әр сот орындаушының өз кеңсесі, жеке есеп шоты, мөрі болу керек. Атырау облысы бойынша барлығы 13 адам жұмыс жасап жатыр. Олардың әрқайсысының сот актілерін орындау үшін мемлекеттік лицензияларға ие болған көмекшілері бар. Жеке сот орындаушылар кәсіпкерлер сияқты өздерін өздері қаржыландырады, кеңсе жалдау, коммуналдық қызметтер ақысын, бюджетке салық төлейді.

Жеке сот орындаушылардың да, мемлекеттік орындаушылардың да қызметтерін бір заң реттейді. Олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ, екеуі де сот актілерін орындайды. Тек бір ғана айырмашылығы бір тараптан мемлекет қатысатын құжаттарды орындауға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, жазалау әрекеттері – қамаққа алу, мүлікті тәркілеу сияқты шаралар қабылданатын істерді мемлекеттік сот орындаушылар атқарады.

Жеке сот орындаушының қызметін төлеу атқарған жұмысының нақты қорытындысына және келесі екі жағдайға байланысты анықталады. Біріншісі – құрамына қағаздардың, поштамен жіберудің құндары мен мөлшерлері АЕК-пен белгіленетін тағы да басқа төлемдер қосылатын және жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келісімімен, өкілетті органның ұсынысымен үкімет бекітетін тарифтер бойынша төленетін сомалар. Екіншісі – мүліктік емес сипаттағы құжаттарды орындау бойынша еңбекті төлеу, мәселен, пәтерден көшіру туралы немесе шарбақты ығыстыру туралы құжаттарды орындау бағасы жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, заңды тұлғалар үшін 20 АЕК-ті құрайды.

Бұл жерде мемлекеттік бюджетке ешқандай зиян жоқ, өйткені сот орындаушыларға жеке нотариустар мен адвокаттар сияқты 10% мөлшерлемеде салық салынады.

Сот актісі (шешімі) заңды күшіне енгеннен және орындау парағын алғаннан кейін талапкер жеке сот орындаушыны немесе мемлекеттік сот орындаушыны өзі таңдауға құқылы.

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.