Атырау, 8 қазан 19:58
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Бұл тек басы ғана...

3 178 просмотра

– Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек?

Телефон арқылы

Сұраққа ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің директоры Қ. МҰХАМЕТҚАЛИҰЛЫ түсінік берді:

– Бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан

күрделі нысандарға жатқызу ережесіне сәйкес, Құрылыс нысандарының техникалық күрделілігі негіздер мен құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша оның жауапкершілік деңгейіне байланысты анықталады, бұлар мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

Салынуы белгіленген нысанды жауапкершілік деңгейін жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) жобалау үдерісінде берілген:

1) нысанның функционалдық қызметіне;

2) оның тіреу және қоршау құрастырмаларының ерекшеліктеріне; және т.б. байланысты белгілейді.

Жауапкершіліктің белгіленген деңгейі ғимараттың немесе құрылыстың техникалық сипаттамасы ретінде жобаның материалдарында тіркеледі.

Аталмыш қаулының талаптарының негізінде алаңы 120 шаршы метрге дейінгі бір қатарлы дүкен жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейдегі техникалық жағынан күрделі емес нысанға жатады.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар талаптарын басшылыққа ала отырып, сұрақ қойған оқырманға:

– қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен сәулет-жобалау тапсырмасын, құрылыс алаңының инженерлік іздеу материалдарын алу;

– инженерлік және коммуналдық қамту көздеріне қосылудың техникалық шарттарына ие болу;

– сызба жобасын жасақтап, оны Атырау қалалық әкімдігінің жанынан құрылған жұмыс комиссиясы мен қаланың бас сәулетшісіне мақұлдату;

– (жобалау жұмыстарын орындауға тиісті лицензиялары бар мекемелер немесе жеке тұлға орындаған) жұмыс жобасын жасау;

– тиісті аттестаттары бар сарапшылардың жұмыс жобасы бойынша оң сараптама қорытындысын алу;

– құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға тиісті лицензиясы бар мекемемен немесе жеке тұлғамен мердігерлік келісімшарт жасау;

– тиісті аттестаттары бар мамандармен авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыру келісімшартын жасау;

– мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметін жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей осы жұмыстардың басталатындығы туралы хабардар ету керек. Сараптама жасау міндетті болған жағдайда, оң сараптама қорытындысының көшірмесін және жер учаскесін таңдау актісін тіркеу қажет (хабарлау формасын біздің департаменттен тегін алуға болады).

Хабарламаның қабылданғандығы туралы талон алғаннан кейін нысанды салуға кірісуге болады.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.