Атырау, 18 сәуір 10:25
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Кезектілік те мұраға қалады

1 372 просмотра

– 80 жастағы әкеміз 2006 жылдан бері баспана кезегінде тұр. Өз баспанасы жоқ жұмыссыз апам әкеммен бірге тұрады. Үй кезегі мұраға қала ма екен?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі ММ тұрғын үй секторының меңгерушісі міндетін атқарушы Марта НҰРҒАЛИЕВА түсінік берді:

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының 73-бабының 2-тармағында: «Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, отбасының онымен бірге есепке тұрған өзге мүшелерінің кезегі сақталады» делінген. Яғни, егер оның қызы онымен бірге тұрса және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болса, кезектілік, тиісінше, заң бойынша қызына ауысады.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.