Атырау, 29 желтоқсан 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Өтемақы ала алмайсыз

2 102 просмотра

– Фирмада екі жыл жұмыс істегеннен кейін өз қалауым бойынша жұмыстан кетуді ұйғардым. Бұл туралы алдын ала басшылығыма ауызша түрде ескерткен едім. Бірақ ол басқаша әрекет етті. Өтіп кеткен күнмен мерзімі жақында ғана өткен еңбек келісімшартын дайындап, мені қол қоюға мәжбүр етті. Әйтпесе лауазымдық міндеттемесін орындамады деген  баппен жұмыстан шығарып жібереміз деп қоқан-лоққы жасады. Міндеттемемді адал атқарсам да, қолымды қойдым. Осыдан кейін ғана есеп бөліміндегілер қызметтен босарда берілетін жәрдемақыны ала алмайтынымды айтты. Осы рас па?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– ҚР Еңбек кодексінің 51-бабына сәйкес, мыналар: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу және т.б. еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. ҚР Еңбек кодексінің 157-бабына сәйкес жұмыс берушi мынадай жағдайларда: жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлға қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда; қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат берген не жұмыс беруші ҚР еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. Еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек қатынастарын бұзу 157-бап әрекетіне сай келмейді, сондықтан сіз өтемақы ала алмайсыз.

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.