Атырау, 29 желтоқсан 16:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Зейнетақы көбейді

3 057 просмотра

– Еңбек министрлігі 1 қаңтардан бастап төменгі зейнетақының 17 419-дан 19 066 теңгеге дейін, ал орташа мөлшері 32 928 теңге, базалық мөлшерлеме (9 330 теңге) есебімен - 42 258 теңге құрайтынын мәлімдеді. 2012 жылы мен 28 166 теңге зейнетақы алдым. Қаңтардан бастап 30 593 теңге ала бастадым. Төлем орталығындағылар маған есептелген 21 166 теңге зейнетақыға базалық мөлшерлеме - 9 330 теңгені қосқандықтарын түсіндірді. Егер бұрын 28 166 теңге алған болсам, 21 166 теңге деген цифр қайдан шыққан?

К. Б.

Сұраққа Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап берді:

– Сіздерге хабарласқан оқырманның зейнеткерлік ісін қараған кезде, зейнетақы көбейгенге дейін ол 19 418 теңге мөлшерінде зейнетақы, оған қоса 8 720 теңге базалық зейнетақы төлемін, барлығы 28 138 теңге алып отырған. 2013 жылдан бастап зейнетақы 9 пайызға көбейді. Зейнетақының жаңа мөлшерін есептеу механизмі былайша көрініс табады: 19 418 теңге + 9% = 21 166 теңге. Оған 9 330 теңге базалық төлемді қосамыз. Осылайша, сіз 30 496 теңге алуға тиіссіз.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.