Атырау, 25 сәуір 07:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тәжірибеден өту - ақылы

2 452 просмотра

– Мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Радиотехника, электроника, коммуникация» мамандығы бойынша 4 курста оқып жүрмін. «Қазақтелекомнан» тәжірибеден өткім келген, бірақ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының кадрлар бөлімінде кәсіпорыннан тәжірибеден өту ақылы екендігін және 20 мың теңге шамасында екендігін айтты. Мен абдырап қалдым. Мұндай ережемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған едім.

azh.kz сайтынан

Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясындағылар жоғарғы оқу орындары студенттерінің, магистранттарының және техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі мекемелер оқушыларының «Қазақтелеком» АҚ-нан тәжірибеден өту ережелеріне сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ филиалдарынан студенттік тәжірибені ұйымдастырғысы келетін оқу орындары Инфокоммуникациялық технологиялар академиясының дирекциясымен келісімшарт жасауы тиіс екендігін хабарлады. Оқу орындары әр оқу жылының басында дирекцияға тәжірибеден өту мерзімі, тәжірибеден өтушілер саны көрсетілген, тәжірибеден өту бағдарламасы тіркелген өтініштерді алдын-ала жібереді. «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының дирекцияға түскен тізімде көрсетілмеген студенттерді тәжірибеден өткізуге құқығы жоқ. Студенттер дирекциямен өздері де жеке келісімшарт жасай алады. Кәсіби тәжірибеден өтудің өтелетін шығындарының мөлшерін дирекция мамандықтар бойынша жұмыс жоспарларымен тәжірибенің әр түріне бөлінетін несиелер санына қарай, білім беру нарығында қалыптасқан баға саясатын ескеріп, оқу орнының түріне (жоғарғы оқу орны, колледж, кәсіптік лицей, мемлекеттік немесе жеке оқу орны) байланысты белгілейді. Барлық атыраулық оқу орындарына Атырау ОТД-дан өндірістік тәжірибеден өту мәселелері бойынша студенттерге/оқушыларға Инфокоммуникациялық технологиялар академиясының дирекциясына: 050031, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 291 Б (телефон: 8 (7272) 38-17-74) мекен-жайы бойынша хабарласу керектігі туралы хат жолданды.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.