Атырау, 5 қараша 14:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Даңқты жерлесіміздің есімі

2 338 просмотра

– Бұрын біздің көшеміз Верхняя Садовая деп аталды. Өткен жылдың аяғында оған Шамкен Мұхтаровтың есімін берді. Бүкіл интернетті қопарып, мұндай адам туралы ешқандай мәлімет таба алмадым. Біздің көшеміздің қандай жанның есімімімен аталатынын білгіміз келеді.

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Айжан ҚАРАБАЕВА жауап берді:

– Қалалық әкімдік пен мәслихаттың 2011 жылғы 12 мамырдағы №277 бірлескен қаулысымен және шешімімен Верхняя Садовая көшесіне Шамкен Мұхтаровтың есімі берілді.

Шамкен Мұхтаров 1924 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Гурьев қаласының Еркінқала ұжымдық шаруашылығының Плотовин селолық округінде дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Сағыз кәсіпшілігінде бұрғылаушы боп жұмыс істеді. 1942 жылы 18 тамызда майданға аттанды. Смоленск бағытында неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқа қатысқан. Великий Лук маңында немістермен болған ұрыста бір аяғынан айырылып, мүгедек боп қалады. Майданда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 3-дәрежелі Даңқ орденімен, басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

Шамкен Мұхтаров 1992 жылдың шілдесінде 68 жасында көз жұмды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан алдындағы қызметі мен сіңірген еңбегін ескеріп, өз Отанына адал азамат ретінде есімін мәңгі есте сақтау үшін Атырау қаласындағы Верхняя Садовая көшесіне Шамкен Мұхтаровтың есімі берілді.

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.